Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сарапшылар Назарбаевтың кетуі теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты

20 наурыз 2019, 09:22

Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде өкілеттігін тоқтату туралы шешімі теңге бағамына айтарлықтай әсер еткен жоқ, деп санайды Forex Club КТ сарапшылары.

"Бұл хабарға қарамастан теңге бағамы айтарлықтай тұрақты қалып отыр, қазір ол долларына 376,5 теңгеден саудалануда", - деп атап өтті мамандар.

Қазақстан президентінің міндетін уақытша атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

"Алдағы уақыттарда теңге бағамын сыртқы емес, ішкі саяси факторлар анықтауы мүмкін. Қазақстан экономикасы едәуір тұрақты, қаржы мамандарының бағалауынша, Назарбаев ел үшін айтулы тұлға болғанымен, бұл жағдайды оңай еңсереді", - деп санайды сарапшылар.

Теңге бағамына мұнай бағасының динамикасы көбірек әсер етпек. Forex Club болжамынша, ұлттық валюта бір долларына 375-377 теңге шамасында сатылады.

Sputnik