Нарық

Сарапшылар пандемияның әлемдік экономикаға тигізген кері әсерін есептеді

  • https://www.imemo.ru/

    https://www.imemo.ru/

Қалыпқа оралу индексі пандемиядан кейін экономика жеті процентке төмендеп, қатты өзгергенін көрсетеді. Сарапшылар жағдайдың тым нашар екеніне сенімді, деп жазды РИА Новости.

 

Индексті экономикалық көрсеткіштер бойынша есептейді. Оның ішінде кредиттеу көлемі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтінімдер, бос орындар саны, ішкі авиа ұшулар және қонақүйлерге орналасу туралы мәліметтер де бар.

 

Moody’s Analytics америкалық экономика туризмдегі проблемаға байланысты бұрынғы қалпына оралуы мүмкін емес деген шешімге келді. Питтсбург университетіндегі саясаттанушы Омер Зарплидің айтуынша, пандемияға байланысты бұл сала 69 процентке қысқарды. Еуроодақта – 90%-ке жуық, Ұлыбританияда 73%.

 

Оның үстіне америкалықтар әлі де үйден жұмыс істеп отыр және жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтінім бергендер саны екі есе артты.

 

Тағы бір проблема – қор нарығы арқылы экономикаға салымдардың артуы. Бұл әдетте америкалықтардың немесе шетелдік инвесторлардың еркін қаражаты есебінен болады.

 

Қаражат технологиялардың экспортына тартылады деп жоспарланып отыр. Амеикалық алып концерндердің басқа мемлекеттерде зауыттары бар. Инвестициялау оларға жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, сәйкесінше салық жарналары артып, экономика дамып жатыр. АҚШ-тағы нарықтың бірнеше процентке қысқаруының өзі импорттаушы мемлекеттер үшін үлкен шығын алып келеді.

 

"Мексика, Канада мен Жапония қауіп аймағында тұр. Ал инфляция Еуропада да осы тектес процесс туындатуы мүмкін", - деп ескертті Г.В.Плеханов атындағы РЭУ статистика кафедрасының доценті Ольга Лебединская.

 

Негізгі мөлшерлемені арттыру кредиттердің қымбаттауына алып келеді және мемлекеттік қарызға қызмет көрсету бойынша шығындарды айтарлықтай ұлғайтып жібереді. Сондықтан америкалық экономика құлдыраудың алдында тұр деген болжам апта сайын айтылады.

 

Қалыпқа оралу индексі тек жалпы экономикалық көрсеткіштерді емес, сондай-ақ пандемия кезінде зардап шеккен салалардың жай-күйін де есепке алады. Бұл қонақүй бизнесі, әуе рейстері, шағын және орта кәсіпкерлік. Сондықтан Moody's Analytics тұжырымында бірқатар ауытқу бар.

 

Жалпы Америка Құрама Штаттары тез қалпына келіп жатыр. Бұл негізінен энергия ресурстарының бағасын қымбаттатудың арқасында орындалып жатыр. Сонымен қатар ІТ-технологиялар, соның ішінде софт экспорты 20-25 процентке артты.

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының соңғы болжамы бойынша, америкалық ЖІӨ пандемияға дейінгі деңгейге осы жылдың екінші тоқсанынан кейін-ақ жетеді. Оның үстіне жұмыссыздық деңгейі жасанды сипатқа ие. Себебі ол экономикаға корона дағдарысты триллиондаған долларды салу салдарынан болды.

 

Қыркүйекте төлемдер тоқтатылады. Вакциналаудың нәтижесінде күзге қарай әуе рейстері де қалпына келіп, қонақүйлерде келушілерге толуы ықтимал. Ендеше бұл туризм қайта күшіне енеді деген сөз.

 

Әйтсе де инфляцияны есепке алмауға тағы болмайды. Мамырда АҚШ-та тұтынушылық баға жылдық көрсеткіште бес процентке артты. Бұл 2008 жылғы тамыздан бері рекорд болды. Азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, машина сынды барлық дүине қымбаттады.

 

Экономикадағы құлдыраудың артынша қайта даму болатыны анық. Әлем экономикасы болжамға қарағанда әлдеқайда жылдам қалпына келіп жатыр, дейді Халықаралық валюта қорында. Қытай барлық бәсекелестерден озып, дағдарысқа дейінгі көрсеткішке қайта оралды. АҚШ та бұл ретте кейін қалмайтыны анық. Себебі америкалықтарда экономикалық серпінге қол жеткізу үшін ресурс жеткілікті.

 

Ресей де пандемия салдарымен күресуде. Халық пен бизнесті қолдауға екі жарым триллионнан астам рубль бөлінді. Бұл федералдық бюджеттің он проценті. Бірақ әзірге шағын бизнес пен қызмет көрсету саласы қиындықтарды бастан кешіруде. Алайда қаңтар-сәуір айларындағы ішкі рейстер 2019 жылғы көрсеткіштен асып түсті.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 00:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30