Нарық

Сарапшылар үй қашан арзандайтынын айтты

  • Сарапшылар үй қашан арзандайтынын айтты

    Сарапшылар үй қашан арзандайтынын айтты

Үкімет құрылыс заттарының ақысын арзандатумен айналысып жатыр. Бұл тұрғын үй нарығын біршама тұрақтандырады

Сарапшылар күзде үй арзандайды деп болжап отыр. Айтуларынша, осы уақытқа дейін бағаның шарықтауына құрылыс материалдарының қымбаттауы және үй алуға ыңғайлы бағдарламалардың көбеюі, соған орай сұраныстың өсуі ықпал еткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Қазір бұл мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде тұрғын үй нарығы біршама тұрақталады дейді мамандар.

Елімізде тұрғын үй бағасы жылдан-жылға өсуде. Оның бірнеше себебі бар дейді сарапшылар. Бірінші- құрылыс материалдарының қымбаттауы. Жыл басынан бері арматура 100 процентке, минплита 53 процентке, кабель өнімдерінің түрлері 30 процентке, керамикалық кірпіштер 44 процентке қымбаттаған. Осының салдарынан тұрғын үй бағасы 10-15 процентке тағы өсті.

"Бағаның өсуіне карантин және құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы секілді түрлі факторлар әсер етті", - дейді жылжымайтын мүлік агенті Дана Асқарбекқызы.

Сарапшылардың айтуынша, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін алу мүмкіндігі және тұрғын үй алуға қолайлы ипотекалық бағдарламалардың көбеюі де бағаның шарықтауына әсер еткен. Бұл бағдарламалардың уәкілетті өкілі болып табылатын банк қызметкерлері де мұны растайды. Зейнетақы жинағын алуға құқылы 720 мың азаматтың 280 мыңы тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниет білдірген.

"Көптеген адам сол ақшаға үй сатып алып жатыр. Толық сатып алуға жетпеген жағдайда бастапқы жарнаға пайдаланып жатыр. Енді осы бірыңғай зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалуға мүмкіндік туғандықтан үйге деген сұраныс, несиеге үйді рәсімдеуге деген сұраныс көбейді", - деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ бизнесті дамыту басқармасының бас маманы Марина Орынбаева.
Мамандардың айтуынша, екінің бірі үйді мемлекеттің қолдауымен алады. Сұраныс артқан сайын бағаның көтерілуі заңды дейді. Бірақ баспана құны біртіндеп түсіп келеді. Мәселен биыл қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бағасы 3,8% өссе, қолданыстағы үйдің бағасы 7,2% артқан. Ал маусым айында жаңа үйдің бағасы 0,9%, ал қолданыстағы баспана бағасы 1,2% тең келген.

"Осы жылдың басында, яғни, қаңтар мен ақпан айында баға біршама қымбаттады, ал қалған 3 айда өсім бәсеңдегені байқалған. Бірақ бәрі-бір 0,3-1 процент өсім болып тұрған", - дейді Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.

Қазір үкімет құрылыс заттарының ақысын арзандатумен айналысып жатыр. Бұл тұрғын үй нарығын біршама тұрақтандырады дейді сарапшылар. Сол болжамға сенсек, қыркүйек айында үй  арзандайды.

sputnik.kz




Көрілген: 1714    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30