Нарық

Сауда келіссөзі тығырыққа тірелді: Трамп 200 Қытай тауарына салықты арттырды

  • © novorosinform.org

    © novorosinform.org

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп «Твиттер» парақшасында мәлімдеме жасап, жұма күннен бастап АҚШ-қа кірген жүздеген миллиард доллар құнына ие қытайлық тауарларға кеден салығын 25 пайызға дейін көтеретінін айтты. Оның айтуынша бұл қадам Қытаймен келіссөз процесін тездетуге итермелейді.


«Соңғы 10 ай ішінде, Қытай АҚШ-қа кіргізген 50 млрд доллар көлеміндегі жоғары технологиялық өнімдеріне 25 пайыз кеден салығын төлеп келді. Одан тыс 200 млрд доллар көлеміндегі өзге тауарларын 10 пайыздық тарифпен кіргізді. Бұл тарифтер оң экономикалық өзгерістерге ықпал етті. Ал, жұма күннен бастап, 10 пайыздық тариф 25 пайызға дейін көтеріледі», – деп жазды АҚШ президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.


Ол және Қытайдың АҚШ-қа кіретін 325 млрд доллар құнға ие тауарларына тариф қойылмай келгенін, көп ұзамай бұл тауарларға 25 пайызға дейін кеден салығы салынатынын ескерткен. Әрі, бұл тарифтік белгілемелердің Құрама Штаттар үшін пайдалы екенін айтқан.


Трамп мәлімдемесінде: «Қытаймен сауда келісімдер жүріп жатыр. Бірақ, прогресс тым баяу. Олар келіссөзді қайта қарауды талап етуде. Бұлай болмайды!», – деген.


Ал, Wall Street Journal басылымы жексенбінің кешінде, Бейжің осы аптадағы Уашингтонда өтетін сауда келіссөзіне делегация жібермей қалуы мүмкін екенін хабарлады.


Алайда, бұл туралы Ақ үй тарабы ешқандай мәлімет бермеген. Трамптың тарифтерді жоғарлату туралы шешімі жариялана салысымен биржа базары астаң-кестең күйге түсті. Қытай қор нарығы 4 пайызға, АҚШ америкалық қор фьючерсті шамамен 2 пайызға төмендеген. Жапонияның қор нарығын есептемегенде Азия-Тынық мұхит аймағында MSCI бағамы 1,6 пайызға, Аустралия қор нарығы 1,2 пайызға құлдырады. Ал, Қытай юаны 10 қаңтардан бергі ең төменгі шекке дейін төмендеп, көп өтпей қайта қалпына келген.


АҚШ президентінің бұл шешімі, екі ел арасындағы сауда келіссөздері шешуші кезеңде тығырыққа тірелгенін, ең негізігі мәселелерде Бейжің мен Уашингтон пікір бірлігіне келе алмағанын көрсетеді.  


qazaqtimes.com




Көрілген: 900    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30