Нарық

Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

  • Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

    Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Cауда және интеграция министрлігі жұмыртқаның не себепті қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды  Qazaqstan арнасы.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша тұмау салдарынан 2,6 млн мекиен тауық қырылған. Бағаның өсуінің екінші себебі - жем-шөптің қымбаттауы. Жыл бойы жем-шөптің құны 54,4%-ке ұлғайды.

 
"2021 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеден бастап 485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды. Бағаның өсуіне 2020 жылы құстардың тұмаудан қырылуы себеп болып отыр. Соның салдарынан былтыр жұмыртқа өндірісі 8,4%-ға қысқарды", - делінген хабарламада.

Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады.




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31