Сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі жұмыс істеуге рұқсат берілді

19 қазан 2020, 18:54

Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

 

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:

 

* мектепке дейінгі балалар мекемелері;

 *бильярд және компьютер клубтары;

 *ойын-сауық мекемелер;

* банкет залдары;

 *түнгі клубтар

 

Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.