Нарық

Саясаттанушы қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан даяшы оқиғасына қатысты пікір білдірді

  • Саясаттанушы қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан даяшы оқиғасына қатысты пікір білдірді

    Саясаттанушы қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан даяшы оқиғасына қатысты пікір білдірді

Алматы қаласындағы «Неделька» кофеханасында орын алған жағдай ел ішінде қызу пікір-талас тудыруда. Қызмет алған клиенттердің бірінің әлеуметтік желідегі парақшасында таратқан мәлімдемесіне қарағанда, оған даяшы қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан.

Осы оқиғаға байланысты белгілі саясаттанушы Эльдар Жұмағазиев жеке көзқарасын білдірді. «Бірден айта кетейін, мұндай жағдай үлкен қалаларда жиі кездеседі. Мәселен, мен Атырау қаласындағы қонақ үйлердің бірінде осыған ұқсас бір оқиғаға куә болғаным бар. Онда, керісінше орыс тілді клиент даяшының орыс тілін түсінбегендігінен және сөйлей де алмайтындығынан, кофеге тапсырыс бере алмай қалды. Бірақ ол жерде даяшы жігіт қазақ тілін де, ағылшын тілін де білетін. Алайда, артық дау-дамай болған жоқ, клиентке орысша түсінетін, сөйлей алатын басқа даяшы қыз қызмет көрсетті де, оқиға сонымен аяқтала салды», - деді ол.

Эльдар Тынышбайұлы бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған қоғамдық тамақтану орындарына көптеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қойылатындығын да еске салды. Оларды тізбектей берудің мәні жоқ, десе де бизнес өкілдері талаптардың көп екенін растайды. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар.

«Рас, жекеменшік мекемелердің қызметкерлері арасында тілдерді білуді реттеу, сұранып тұрған мәселе. Меніңше, мейрамханалар мен кафелердің иелері қызметкерлерінің тіл білуін бәсекелестік ортадағы артықшылығы деп түсінсін. Осындай түсінікті қалыптастырсақ қана, бұл мәселе өзінен өзі шешіледі. Әрі алдағы уақытта осындай даулы мәселелерге жол берілмейтін болады», - деген Э.Жұмағазиев тағы бір ойын жеткізді.

Оның пайымынша, мемлекеттік мекемелер ірі қалалардағы қызмет көрсету орындарының персоналдық қызметкерлерінен емтихан алу қажет. Бұл азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі және уақыттың сын-қатерлеріне жауап болатын еді.

«Жалпы, елімізде мемлекет құраушы ұлттың ауқымы жыл санап ұлғайып келеді. Қанша байбалам салсақ та, осыны мойындауға тиіспіз. Айталық, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ұлтымыздың саны 30 пайыздан сәл асатын болса, қазір 70 пайыздан көп. Алдағы уақытта 90 пайыздан да асатын болады.

Біз барлық қазақстандықтардың өмір сүруі мен еңбек етуіне де қолайлы жағдай жасауға жауапты екенімізді ұмытпаумыз керек. Сол себепті, қоғаммен біте қайнасып толыққанды өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік тілді білуге талпынуы тиіс», - деп атап өтті саясаттанушы.




Көрілген: 1637    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31