Нарық

Сегіз өңірде электр қуатының тарифтері арзандады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда жыл басынан электр қуатына тарифтер 1,5 пайызға қымбаттады. Дегенмен, 8 өңірде баға керісінше, арзандай түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

 

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 37,5 млрд кВт-сағат электр энергиясы өндірілді. Көрсеткіш жылына 3 пайызға артқан.

 

«Энергетикалық компаниялардағы күрделі қаржылық жағдай, жетілдірілмеген тарифтік саясат, инвестициялық тартымдылықтың жоқтығы ірі көлемді жобалардың болмауына алып келді. А қазіргі жағдайда қаржыландыру тек жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап отыру үшін ғана жететін болады», - делінген ақпаратта.

 

Сарапшылардың пайымынша, саладағы проблемалар салдарынан Қазақстан жақын келешекте электр энергиясын көрші елдерден сатып алуы мүмкін.

 

Әзірге қазақстандық электр стансалары (1-тоқсанда) энергияға сұранысты (экспорт пен нарықта сату) 99 пайызға қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі – 1 пайыз болды. Бұл ретте, импорт бір жылда 17,9 пайызға азайған.

 

Биылғы жылдың мамыр айында электр энергиясының бағалары былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттады.

 

Электр энергиясының тарифтері Батыс Қазақстан облысында (16,3 пайызға), Нұр-Сұлтан (10 пайызға) және Алматы қалаларында (7,6 пайызға) қымбаттады.

 

Еліміздің 17 өңірінің 8-інде электр қуатының бағасы, керісінше арзандаған. Ақмола облысында бағаның 10,8 пайызға арзандауы тіркелді.

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31