Нарық

Семейлік кәсіпкер балалармен жұмыс істеу бойынша грант иегері атанды

  • © nur.kz

    © nur.kz

Қазақстанда кәсіпкерлік дамудың жаңа деңгейіне шығуда. Кәсібін жаңа бастағандар үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынылуда. Мұндай мүмкіндіктер қатарында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру де бар.


Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауды сәтті пайдаланғандардың бірі – Альмира Айғазина. Семей қаласының тұрғыны "Мамин көмекші" түзету-дамыту орталығын құрды.


"Мен өз ісімді өткен жылдың қыркүйек айында аштым. Бірақ ол кезде тек бастапқы даярлықпен ғана айналысатынмын. Соның негізінде түзетуді қажет ететін мектепке дейінгі балалар үшін демалыс күні тобын ашуға шешім қабылданды. Алайда бұған қосымша қаражат қажет болды", - деп еске алады ол.


Бір жыл бұрын Альмира Айғазина "Еңбек" бағдарламасы аясында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті. Курсты аяқтаған соң ол 100 АЕК көлемінде грант иеленді.


"Алдымен мен Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде грантқа ие болған әпкемнен жоба туралы білдім. Бірақ нақты шешім қабылдай алмады. Содан кейін радио арқылы бағдарлама туралы естіп, ақырында жұмыспен қамту орталығына бардым. Ол жақта қайда бару керегін, қандай құжаттар қажет екенін жан-жақты айтып, түсіндірді. Осылайша, мен "Бастау Бизнес" бойынша оқуға бардым. Маған тек куәлік көшірмесі мен мекен-жай анықтамасы қажет болды. Ал бір айдан кейін сертификат алдым", – дейді кәсіпкер.


Мемлекеттік гранттар бағдарлама қатысушыларының қажеттіліктеріне сәкес керекті еңбек құралдары, техникалық жабдықтар, шаруашылыққа қажет мал сатып алуға жұмсалады. Олар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтарға өтеусіз негізде беріледі. Грантқа үміткерлердің бұрын мемлекеттен қаржылық қолдау алмауы маңызды шарт болып табылады.


"Біз күніне 6-8 баланы оқытамыз. Әуелде қолдан жасалған ойыншықтарды пайдалануға тура келді. Қолдан жасалған қуыршақ театрымыз болды. Бұл қызметті сапалы дамыту үшін біз лицензиялық құрал–жабдықтар, дамытатын ойыншықтар, балаларға арналған массаж құралдарын сатып алдық", - деп атап өтті кәсіпкер.


Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейінгі көлемде (505 мың теңге) беріледі. Қаражатты несие қарыздарын өтеуге, тұрғын үй, жылжымайтын мүлік немес жер учаскелерін салуға және сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге пайдалануға болмайды.


Өткен жылы 4 мыңға жуық грант берілді. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 33 мың грант беру жоспарлануда.


kaz.nur.kz


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30