Нарық

Семейлік шенеуніктер бағасы бір пәтердің құнымен бірдей 12 киіз үй сатып алған

  • Көрнекі фото.   http://old.baq.kz/

    Көрнекі фото. http://old.baq.kz/

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Зәуреш Батталова бірқатар негізсіз мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат берді. Соның ішінде Семей шенеуніктері алған киіз үйлер де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Зәуреш Батталованың сөзінше, пандемия кезінде мемлекеттік органдар бюджет қаражатын мерекелік атрибуттарға жұмсап, тауарды жоғары бағаға сатып алған.

 

"Семейде киіз үйлер сатып алынған. Бір киіз үйдің құны бір бөлмелі пәтер бағасымен шамалас. Пандемия кезінде бұл киіз үйлердің не қажеті бар? Осы киіз үйлер Абай Құнанбаевтың мерейтойына сатып алынды деген ресми жауапты біз бір ай бұрын ғана алдық. Бірақ пандемия болғандықтан бұл мерейтой ауқымды атап өтілген жоқ және бұл киіз үйлер қолданылмады. Енді олар мұны Наурызға пайданаланбақ. Не үшін? Киіз үйлерге ақша салынғанына бір жыл болды, ол әлі пайдаланылмады. Жалпы, оларды болашақта қолдану қажет пе?", - дейді спикер.

 

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алулар сайтында расымен де Семей Мәдениет үйінің қолдан жасалған 12 хан киіз үйінің алынғаны туралы ақпарат бар. Біреуінің құны 5,4 млн теңгедей тұрады, ал жалпы киіз үй алуға 64 млн теңгеге жуық ақша кеткен. Конкурс өткізілген деп танылған.

 

Еске сала кетсек, өткен айда Маңғыстау облысының әкімдігі жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асатын 52 көлікті екі айға жалға алу туралы келісімшарттарға қол қойғанын. 52 автокөліктің 28-і Hyundai Elаntra, 24-і Hyundai Creta. Екі ай үшін өңірлік әкімдік 45,4 млн теңге төлейді. Қалған 10 айға басқа мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

 

 




Көрілген: 2750    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 14:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30