Нарық

Сенатор: Біз тіпті Армения, Моңғолия, Ямайкадан да артта қалдық

  • https://qazaq1913.com/

    https://qazaq1913.com/

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

 

- Аграрлық ғылымның тиімділігін тежейтін, өз қолымызбен жасап отырған себептердің бірі &ndash аграрлық ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімінің шектеулігі. Бізде ғылыми конкурстардың талабы бойынша оған 3 жыл ғана уақыт беріледі.

 

Бұлай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулердің уақытын шектеуге болмайды. Себебі аталған саладағы зерттеулер бюджеттік жоспарлау мерзіміне емес, ауа-райының ерекшеліктерімен байланысты. Ешбір елде ауыл шаруашылығындағы жаңа сұрыптар, технологиялар үш жыл ішінде жасалмайды. Сондықтан кеңестік одақ кезеңінде  ғылыми зерттеулерге кем дегенде 5 жыл уақыт берілетін.

 

Қазір біз өзіміздің ғылыми жобаларымызға шетелдік ғалымдарды тарта алмағандықтан, шетелдік технологиялардың трансфертін  қамтамасыз еталмай отырмыз. Себебі біздің серіктестеріміз 3 жыл мерзімде ауыл шаруашылығында маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін еместігін түсінеді. Демек, аграрлық ғалымдарымызды біз өзіміз тығырыққа тіреп отырмыз.

 

Әрине, осыдан кейін өндірістің сұранысын өтей алмайтын, «шикі» ғылыми жобалар пайда болады.

 

Жалпы, Қазақстан ғылымының жағдайына келетін болсақ, оның қазіргі деңгейін көрсететін төмендегі деректерге назар аударғым келеді. 2020 жылғы «Жаһандық инновациялық индекс» рейтингісіне сәйкес, Қазақстан инновациялық қызмет тиімділігі көрсеткіші бойынша тек 77-орынға ие болды.

 

Дамыған елдер туралы айтпағанда, біз Ресей мен Белоруссиядан айтарлықтай артта қалып, Армениядан, Моңғолиядан, Ямайка және Панамадан да төменгі орынға түстік.

 

Ал өзіміздің статистикалық деректерімізге сүйенсек, 2019 жылы біздегі инновациялық өнім көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің небәрі 1,6%-ын құраған, осы көрсеткіш бойынша біз Ресейден 8 есе, дамыған елдерден 20-30 есе артта қалып отырмыз.

 

Неге бұлай?

 

Басты себеп &ndash ғылымды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

 

Сонымен бірге, біздің шетелдік әріптестеріміз былай дейді:

 

«Сіздер үнемі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру нысанын өзгертумен айналысасыздар, ал дұрысында, жүйенің мазмұнын өзгерту қажет. Өзгерістерді ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін меңгерген заманауи ғылыми кадрларды даярлаудан бастау керек. Егер сіздер бұған қол жеткізсеңіздер, өте тиімді ғылыми әзірлемелерге ие боласыздар. Сол уақытта бизнестің өзі оларды коммерцияландыруға кезекке тұрады».

 

Бұл бағытта біз не тындырдық?

 

Біз ғалымдарды дайындаудың ескі кеңестік жүйесін жойдық, бірақ оның орнына жетілдірілген жаңаша жүйені құра алмадық.

 

Технологиялық тұрғыдан дамыған елдер, оның ішінде Қытай, инновацияларды құрудың және заманауи ғылыми кадрларды даярлаудың ең қысқа жолы зерттеу университетінің моделі болып табылатындығын дәлелдеді және бүгінде көршілеріміздің қандай ғылыми серпіліс жасағанын көріп отырмыз.

 

Аталған елдің университеттерінде, негізінен, экономиканың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ірі пәнаралық ғылыми бағдарламалар жүзеге асырылады. Өзіндік ғылыми мектебі қалыптаспаған зерттеулердің бағыттары бойынша жобаларға жетекші шетелдік ғалымдар тартылады.

 

Нәтижесінде мультипликативті нәтижелерге: яғни, өндіріске қажет инновацияларға, жаңа білімен технологиялар трансфертіне, заманауи зерттеу әдістерін меңгерген жас ғалымдарды даярлауға, ЖОО үшін жаңа білім беру бағдарламаларына қол жеткізіледі.

 

Ал біз өзіміздің көптеген реформаларымызбен ғылым мен жоғары білім беруде осындай басты жүйелі өзгерістерді іс жүзінде қалыптастыра алмадық. Шын мәнінде, біз бүгінгі күнге дейін әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігімен біріге алмадық.

 

Бізде құрылған бірнеше ғылыми-зерттеу университеттерінің жұмыс істеу мазмұны емес, тек маңдайшасындағы жазуы өзгерді.

 

Ал салалық министрліктер тіпті басқа жолмен жүр. Олар өздеріне бағынышты университеттердің ғылыми әлеуетін нығайтудың орнына, олардың үстінен неше түрлі әкімшілік құрылымдарды ойлап табуда. Мұндай жүйе ешбір дамыған елде жоқ!

 

Ұсынылып отырған заң жобасында Білім және ғылым министрлігінің сала аралық үйлестіру құзыретінің күшейтілетіні мені қатты қуантады. Ең бастысы, еліміздің ғылымын  «велосипедті» қайта ойлап таппай, әлемде жинақталған тәжірибені қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи жүйесін біздің тәжірибеге бейімдей алатын жай ғана менеджер емес танымал ғалым басқару керек.

 

Біз Білім және ғылым министрлігі жұмысының қаншалықты күрделі және көп қырлы екенін түсінеміз.

 

Құрметті Асхат Қанатұлы, өзіңіздің басшылығыңызбен білім-ғылым саласында біраз оң нәтижелі жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, Сізден ғылымның сапалы ғылыми әлеуетін қалыптастыруға қатысты жоғарыда айтылған басым міндеттерге назар аударуыңызды сұраймын.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 5501    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30