Нарық

Сенаторлар бірнеше салықты аудандық бюджеттерге беруді мақұлдады

  • Gov.kz

    Gov.kz

Бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем енді аудандық бюджеттерге түсетін болады.

 

Сенаторлар бүгін ауыл, аудан және қала билігінің дербестігін кеңейтетін заң қабылдады.

 

Өзгерістер мәслихаттардың қызметіне де қатысты болмақ.

 

Сессия төрағасының лауазымы жойылады. Ал мәслихат шешімдерін енді әділет органдарында тіркеудің қажеті болмайды.

 

Заңда жазылған тағы бір жаңалық – елді мекендер мәртебесінің өзгеруіне қатысты. Егер қала 5 жыл, ал ауыл 3 жыл бойына сол талапқа сай келмесе, оны олай атамайтын боламыз.

 

«Қабылданған заң жергілікті маңызы бар міндеттерді тиімді түрде шешу үшін ауылдық, аудандық және қалалық деңгейдегі билікке жаңа мүмкіндіктер береді. Оның ішінде биыл жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының құқықтарын кеңейтеді және мәслихаттардың жұмысын жетілдіреді. Алдағы уақытта осы өзгерістер өңірлердің дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

 

24.kz




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30