Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктер

Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктер

Бизнес бастап, оны дамыту үшін кез келген кәсіпкер өз ісінің маманы болуы шарт. Табысымен қатар, шығынын, тәуекелін, мүмкіншіліктерін алдын ала болжай алған кәсіпкер ғана бизнесін өркендете алады. Бизнестегі біліміңізді кеңіткіңіз келе ме? ВТБ Банкінің бизнес-кеңестері арнайы жобасы аясында сіздердің назарларыңызға шағын кәсіпкерлердің жебіретін басты қателіктері туралы ақпарат ұсынамыз.


Әдетте шағын компания иелері бизнесте жүрген кәсіби мамандар емес, бұл салаға ерекше қызығушылық танытатын, өзі-өзі дамытып жүрген қарапайым кәсіпкерлер. Сондықтан олардың қате жіберуі қалыпты құбылыс. Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктерге тоқталайық.

 

Бәсекелестерге еліктеу, жарнама бюджетін дұрыс пайдаланбау

Бәсекелесіңіз баннер жасап, өзін радиода жарнамалап, дүкендегі белгісін өзгертіп, бағаны төмендеткен жағдайда сіз бұл әрекеттерді қайталайтын болсаңыз, бұл үлкен қателік болып саналады.

Әдетте, сіздің жарнамаңыз әртараптандырылады. Үнпарақтар, радио, интернет, газеттер, әлеуметтік желілер тағы басқа. Бірақ сіз қанша клиенттен келетінін және сіздің бизнесіңізге бір клиентті тарту қанша тұратынын нақты білмейсіз. Жарнамаға сәтті шығындармен қатар, тиімсіз жарнамалық арналар үшін ақы төлейсіз. Бұл да басты қателіктің бірі.

 

Клиенттік базамен дұрыс жұмыс жасай алмау

Клиенттерге қосымша өнімдер мен қызметтер ұсынылмайды. Сіз ай сайын 20-ден 100% -ға дейін ақша таба алатын болсаңыз да, қайта сату жасай алмайсыз. Мұндай проблема нарықты зерттемегеннен туындайды. Бизнесіңізді бәсекелес көп жерде емес, сұраныс бар жерден ашыңыз.

 

Тауарлар мен қызметтердің сапасыздығы

Адамдар тез, сапалы әрі бағасы қол жетімді тауарлар мен қызметтерге үйірсек келеді. Сонымен қатар, сіздің ұсынатын нәрсеңіз ешкімде болмауы керек. Өйткені барлығында бар нәрсені сату қиынға соғады.

 

Бизнес-жоспардың болмауы

Бұл, инвесторлар үшін дайындалатын ресми бизнес-жоспар емес. Бір айға, бір жылға, үш жылға, бес жылға арналған нақты жоспарлар тізімі. Егер жоспарлар болмаса, онда сіздің бизнесіңіз импровизациямен ғана жүзеге асып, алдағы уақытта айтарлықтай табыс таба алмайды.

 

Сіздің компанияның қаржылық резерві жоқ

Ақша резерві әрқашан болуы керек. Барлық бизнес-процестер мінсіз емес. Кейде ақша ағындарының құрылымында олқылықтар болуы мүмкін.

Бәрібір. Сіз не болуы мүмкін екенін ешқашан білмейсіз. Бизнес болжау мүмкін емес. Ақыр соңында, сіз бизнес серіктестерден миллионға пайдалы ұсыныс аласыз, бірақ сізде ол істі жүзеге асыратын бастапқы жарна жоқ. Ал айналымдағы ақшаны қолдансаңыз, бизнесіңіз тығырыққа тіреледі. Мұндай жағдайларда шағын бизнесті өркендету үшін несие алу ең тиімді тәсіл болмақ.

 

Бизнестегі қажетсіз шығындар

Кәсіпкерлердің басты қателігі - қажетсіз шығындар. Керек емес құрылғыларды алу, бірегей тауар ұсыну, тұтынушы талаптарына сай болмау. Осылайша кәсіпкер өзінің қалауын орындаймын деп, бизнесті құрдымға кетіреді. Бұлай болмау үшін дұрыс есептеу жүргізіп, айналымдағы ақшаңызды бағамдап, қажет болса, бизнеске сырттан қаражат қосуды жоспарлаған жөн.

 

Ақша үшін бизнес жасау

Кейбіреулер мұны қате деп санамауы мүмкін. Сіз онда бизнесті неге бастадыңыз деп шағымдануы да мүмкін. Бірақ кез келген бизнестің басты мақсаты, ең алдымен, тұтынушыларға қажет құнды өнімді жасау екенін ұмытпайық.

 

Болжамдар мен жорамалдар, нақтылықтың болмауы

Бизнесте тұтынушының пікірі маңызды. Сол себепті тұтынушыға не қажет екенін болжамай, тікелей өзінен сұрау керек.

Сонымен қатар, ішкі қорқынышыңызды жеңе алмасаңыз, бизнестің болашағын тек қана болжап, нақты шешімдеріңіз болмаса, бұл да үлкен қателік. Мәселен, банктен несие алып бизнесті дамытудың орнына, сіз қорқыныштарыңызбен күресе алмасаңыз, бұл да қателік.

Кез келген кәсіпте қателіктер кетеді. Алайда оларды шешудің өз жолдары бар екенін ұмытпаңыз. Шағын бизнесті дамытудың ең тиімді жолдарының бірі несие алу туралы ойлап жүрсеңіз, ВТБ Банк ұсыныстарын қарап көріңіз.

Толық кеңес алу үшін сіз 5050 нөміріне хабарласуыңызға немесе үйден шықпай-ақ несие алу үшін онлайн-өтінім қалдыра аласыз.

 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста