Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шенеуніктердің шетелдегі ақшасы мен мүлкі туралы мәлімет жарияланды

23 желтоқсан 2022, 16:54

Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайларының шетелдік банктерде шамамен 530 млрд теңгесі сақталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Тurkystan.kz тілшісі ls.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Мәліметті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 354 қазақстандық шенеунік 59 елдің банктерінде 529 млрд теңге сақтайды. Ең көп сома БАӘ, Сингапур, Швейцария банктерінде тіркелген.

 

Сонымен қатар, 377 шенеунік 25 мемлекеттегі 466 жылжымайтын мүлкін  декларациялады. Жылжымайтын мүліктің көбісі – Ресей, АҚШ, БАӘ және Түркияда.

 

Одан бөлек, 24 қазақстандық мемлекеттік қызметкер 24 елдегі бағалы қағаздары туралы мәлімет берді. Активткердің ең көбі – АҚШ, Ресей, Ұлыбританияда.

 

Жалпы биыл кіріс пен мүлік туралы декларацияны 576 872 жеке тұлға тапсырған.