Нарық

Шет елден әкелінген асыл тұқымды малдан ауру тарайды

  • https://www.picuki.com/

    https://www.picuki.com/

Қазақстанға сырттан әкелінген малдан көбіне жұқпалы ауру тарайды. Бұған сенатор Ақылбек Күрішбаев сенімді.

 

Депутаттың сөзінше, соңғы жылдары елімізге шетелден 153 мыңнан астам мал басы жеткізілген. Және оған бюджеттен жарты миллиард АҚШ доллары жұмсалыпты.

 

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

 

- Бұрын елімізде болмаған, бізде тіркелмей жатқан Шмалленберг ауруы, инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея, моракселлез сияқты қауіпті экзотикалық жұқпалы аурулар сырттан әкелінді. Бұл мәселе отандық ветеринария жүйесінің қазіргі ауыр жағдайын одан сайын тығырыққа тіреді. Біздің қоғам осы импортталған малдың қаншасы бейімделе алғанын, қаншасы өлгенін нақты білмейді.

 

Сенатор халық ауыл шаруашылығы саласындағы ащы шындықты білуге құқылы деп есептейді. Себебі, асыл тұқымды мал жеке инвестицияларға емес, салық төлеуші қазақстандықтардың ақшасына сатып алынады.

 

Халық қалаулысы елдегі асыл тұқымды малдың популяциясын сақтап қалу керектігіне де баса назар аударды.

 

Күрішбаевтің пікірінше, асылдандырылған малдың басын көбейтуде жасанды ұрықтандыру тәсілі тиімді. Бұл мәселе әсіресе ауылдағы ағайынға аса маңызды.

 

Бүгінде сүт бағытындағы ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру үлесі Қазақстанда 15 пайыздан әрі аспайды. Көрші елдермен салыстырғанда көрсеткіш 4-6 есе азайған.

 

 

 

ktk.kz

 




Көрілген: 1118    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30