Нарық

Ішкі туризм ілгері баса ма?

  • Ішкі туризм ілгері баса ма?

    Ішкі туризм ілгері баса ма?

 Ал ондағы қызмет істейтін мыңдаған адам шығынға батты. Бұдан басқа жол болмағаны анық. Себебі індет жайлай бастағанда әлем елдері шекарасын жауып, шектеу енгізуге мәжбүр болды. Енді туризмнің аяққа тұруына қанша уақыт керек екені беймәлім. Ал Қазақстанның ішкі туризмінің халі не болмақ?

Эпидемиялық ахуал кедергі

Елімізде туристік қызметтің жандануы жайлы айтуға әлі ерте секілді. Оған қатысты шешімді эпидемиялық жағдайды бағамдай отырып, елдің бас санитар дәрігері қабылдайды. Бірақ мамыр айының соңында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков елдегі туризм саласының 70 пайыз шығынға ұшырап үлгергенін айтып, жылдың соңында сала жылдық табысының 80 пайызынан құр қалатынын болжаған еді. Егер бұл болжам расталса, туристік индустрия 2020 жылы 150-ден 240 млрд теңгеге дейін қаржыдан айырылады. Алайда комитет төрағасы жақсы жаңалықпен де бөліскен болатын.

– Биыл ішкі туризмге сұраныс артқанын байқадық. Жалпы, бағыттар өзгермейді. Алакөл, Каспий, Балқаш, Алматы тау кластері мен Баянауыл курорттық аймақтарына қызығушылық артқан. Түркістан мен Таразға тарихи-мәдени саяхат жасағысы келетіндер саны өсті, – деді ведом­ство басшысы.

Демек, пандемияға орай шетел­ге саяхаттаушылар азайып, ішкі туризмге сұраныс артқаны айтылып отыр. Шынында, биыл ішкі туризмге қызығушылар көбейді ме? Көбейген күннің өзінде келесідей мәселе кедергі болары анық.

Қазіргі кезде Қазақстанда шипажайлар мен туристік аймақ­тар толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ. Оның үстіне елде коронавирустың екінші толқыны басталып кетті. Бұл толқынның қашан тоқтары тағы белгісіз. Бас санитар дәрігердің 10 мамырдағы қаулысында COVID-19 ауруының өсімі ел аумағында жеті күн бойы 7 пайыздан төмен болған кезде ғана демалыс орталықтары мен туристік лагерьлер белгілі бір ережелерге сүйеніп жұмыс істей бастайды деп көрсетілген. Коронавирустың Қазақстандағы өсімін бақылап көрсек, соңғы бір аптада, 19-25 маусым аралығында өсім 2,9 пайыздан әрі аспапты. Алайда осы жағдайға қарамастан бірнеше облыста карантин күшейтіліп жатыр. Мұның өзі вирустың симптомсыз түрінің көбеюіне байланысты болса керек. Ал Мәдениет министрлігі туристік аймақтарда демалу үшін азаматтардан коронавирус жоқ екені жайлы анықтама талап етілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Сондықтан ішкі туризмге сұра­ныс арта қалған күннің өзінде саяхаттаушыларға індетке бай­ланысты жағдай кедергі болатын сыңайлы. Себебі таразы басында адам өмірі мен экономикалық шығын тұрғанда, алғашқысына басымдық берілуі тиіс.

 

Сапа сыны

2018-2019 жылдары ел тур­измін дамытуға 10 млрд теңге бөлінген екен. Соған қарамастан Қазақстанның туристік бренді әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ. Оған тікелей сапаның қатысы бар. Еліміздегі туристік аймақтардың қызмет көрсету сапасы толық жетілмеген. Мысалы, ШҚО-дағы Алакөлге бара қалсаңыз ақшаңызды қолма-қол алып жүруге мәжбүр боласыз. Себебі осы туристік аймақта бар болғаны бір банкомат қана жұмыс істейді. Сол секілді туристік аймақтарда қарапайым қоқыс жәшігі мен дәретхана мәселесі де толық шешілмегені талай айтылған болатын. Жыл сайын ел аумағында 8 миллионнан астам турист саяхаттайды. Сапа жетілмесе келушілерден айырылып қалуы­мыз әбден мүмкін. Оның үстіне «Kazakһ Tourism» ҰК АҚ төрағасы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстанда аталған сектордағы қонақүйлердің қызмет көрсету сапасы өте төмен екен.

– Биыл халықаралық тәжі­рибеге сәйкес, қызмет көрсету сапасын бағалаудың ең үздік тәжірибесін пайдалануды жос­парлап отырмыз. Соңғы рет саяхаттаушыларды қонақүйге орналастыру стандарты 2008 жылы ғана өзгертілген екен. Ол бүгінгі талаптарға мүлде сәйкес келмейді. Нәтижесінде, сапа төмен, адам­дарға қиындық тудырады. Ішкі туризмді толыққанды дамыту үшін осы мәселелерді шешкен жөн, – дейді төраға.

Сонымен, ішкі туризмге сұраныс артқан күннің өзінде індет пен сын көтермейтін сапа саяхаттаушыларға тосқауыл болмақ. Осы күні халықаралық туризмнің шығыны 1,7 трлн доллардан асып кеткен. Демек, әлем жұртшылығымен қатар Қазақстан туризмінің де шы­ғынын өтеу ұзақ уақытты қа­жет етеді. Ал туристік ком­паниялардың төтенше жағдай кезінде табысынан қағылғаны тағы бір бөлек проб­леманың тиегін ағытпақ.

Түйін: Ішкі туризмді дамыту арқылы өңірлік экономиканы дамытуға мүмкіндік бар. Бірақ саны бар да санатта жоқ та­лай бағдарлама туризм инфра­құрылымын толыққанды дамыта алмады. Айтарлықтай өзгеріс те байқалмады. Сондықтан «ішкі туризмге сұраныс артқанымен, сұранысқа лайық қызмет көрсететін туристік аймақтар бар ма?» деген сауал туындайды. Шетелге сая­хаттап әдеттенген жандардың ел туризміне көңілі тола қояр ма екен?

 aikyn.kz




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31