Нарық

ШҚО әкімі 15 мың гектар жердің Қытайға берілгенін мойындады

  • ШҚО әкімі 15 мың гектар жердің Қытайға берілгенін мойындады

    ШҚО әкімі 15 мың гектар жердің Қытайға берілгенін мойындады

40 мың гектар жер Қытайлардың қолына берілді деген ақпарат жалған деген ШҚО әкімі облыста 15 мың гектар жердің аталған елдің компаниясына берілгенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Бірақ, әкімнің айтуынша, Бесқарағай ауданындағы бұл телім бұған дейін заң аясында берілген. Әкім бұдан басқа Қытай немесе шетелдің өзге де бірде бір кәсіпорнына жер сатпадық, жалға берілмеді деп отыр.


"Бұл - өте маңызды. Мораторий жарияланбай тұрып, 2015 жылдың 20 қазанында Бесқарағай ауданында байқау нәтижесі бойынша бір шетелдік компания 14 890 гектар жерді 10 жылға уақытша жалға алған. Бұл - қытайлық "Лонфин" компаниясы, біздің облыстағы жалғыз факт", - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Компания өкілдері 400 миллион теңге инвестиция құйыпты. Бұл ақпаратты бұған дейін де жасырған емеспіз деген облыс әкімі қазіргі мораторий жарияланған уақытта ешқандай да жер шетелдікке берілмейтінін айтып сендірді.


2013 жылы 49 жылға 2 000 гектарға жуық жерді алған қытайлық компанияның жері заң талаптарының бұзылуына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылыпты.  




Көрілген: 10695    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 01:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30