Нарық

Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының фермерлері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 732 тонна өнім әкеледі

  • Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының фермерлері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 732 тонна өнім әкеледі

    Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының фермерлері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 732 тонна өнім әкеледі

 26 және 27 қыркүйекте "Хан-Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы учаскеде (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Келушілер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

26 және 27 қыркүйекте «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы учаскеде (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Жалпы құны 421 миллион теңгеден асатын 732 тонна ауылшаруашылық өнімін сату жоспарланған. Осылайша, фермерлер 293 тонна картоп пен көкөніс, 117,5 тонна ет және ет өнімдерін, 50 тонна сүт өнімдерін, 45 тонна бал, 40 тонна ұн, 10 тонна өсімдік майы, 9,3 тонна балық, 8 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 1,5 тонна жарма және 20 тонна басқа өнімдерді ұсынады.

Бірқатар өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тауық еті мен жұмыртқа қауіпсіздік мақсатында жәрмеңкеде сатылмайды.

Жалпы, өңірлер тауардың 65 түрін нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен әкеледі.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы: маска тағып, қашықтық сақтап, міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

aikyn.kz




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30