Нарық

Шығыс Қазақстанға Ресей газы тартылуы мүмкін

  • © Sputnik / Иван Руднев

    © Sputnik / Иван Руднев

Қазақстан Ресейге "Сила Сибири-2" газ құбырын Қытай нарығына еліміздің аумағы арқылы шығаруды ұсынды. Бұл туралы сенат отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.


Ол бүгінде Шығыс Қазақстанда кей аудандарды газбен қамтамасыз ететін шағын кен орны бар екенін атап өтті.


"Сонымен бірге, біз аймақта қалыптасып жатқан экологиялық жағдайды ескере отырып, болашақта жүзеге асырылатын "Сила Сибири-2" жобасына қосылу нұсқасын қарастырып жатырмыз. Біз Ресей тарапына оны Қытай Халық Республикасының нарығына Қазақстан аумағы арқылы шығаруды ұсындық", - деді ол.


Тағы бір нұсқа бар, деп жалғастырды Мамин.


"Барнауылдың газын Семей мен Өскемен қалаларына тікелей тарту мәселесі қарастырылып отыр", - деді ол.


"Солтүстік ағын — 2" газ құбыры 2020 жылдың ортасында іске қосылады


2014 жылдың мамырында "Газпром" мен қытайлық CNPC шығыс бағдар бойынша Қытайға Ресей газын жеткізу туралы келісімге қол қойды.


Келісім 30 жылға жасалды, ол жыл сайын 38 миллиард текше метр ресейлік газды "Сила Сибири" газ құбыры арқылы Қытайға жеткізуді көздейді.


sputnik 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 21:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31