Нарық

Сиыр еті, рожки және ұн бағасы төмендеді - үкімет

  • Сиыр еті, рожки және ұн бағасы төмендеді - үкімет

    Сиыр еті, рожки және ұн бағасы төмендеді - үкімет

Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

"Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0 пайызды құрады. Қабылданған шаралар есебінен төртінші апта қатарынан пияз (-0,9 пайыз), тұз (-0,4 пайыз), күріш (-0,3 пайыз) бағасының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ сиыр еті, рожки және ұн бағасының төмендеуі (-0,1 пайыз) тіркелді. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты", - деді үкіметтегілер. 

"Айналым схемасын" қаржыландырудың нысаналы деңгейі ел бойынша 97,7 пайызға қамтамасыз етілді. "Айналым схемасы" бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалады. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың деңгейі төмен болып қалып отыр.

"Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы құс еті мен қант нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 10 хабарлама жіберді", - деді үкімет өкілдері. 
Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 6 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 160 актісі жасалды.

Премьер-Министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5 пайыз шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 13:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31