Нарық

"СК-Фармация" басшысы 1 миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзімен бірдей жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер компания басшысының жалақысы туралы тағы сұрады. Осы орайда Ерхат Есқалиев республикалық телеарнаға берген сұхбатында жалақының нақты көлемін жариялағанын еске салды.

 

"Мен ол кезде айтқанмын, барлық алым-салықты алып тастағанда, шамамен, 1 миллиондай аламын. Осы жалақыны бақылаушылар кеңесі бекітті", &ndash деді Есқалиев.

 

Компания басшысы ай сайынғы жалақыны қалай жұмсайтынын айтқан жоқ. "Бұл &ndash менің жеке мәселем", &ndash деп атап көрсетті Есқалиев.

 

Осыдан кейін тілшілер дәрігерлердің жалақысына қатысты тағы бір сұрақ қойды.

 

"Дәрігерлер әлеуметтік проблемаларға көңіл бөлмей, тек өз жұмысымен айналысуы үшін ай сайын қанша алу керек деп ойлайсыз?", &ndash деді журналистер.  

 

"СК-Фармация" басшысы бұл мәселе оның құзіретіне кірмейтінін жеткізді. Алайда өзімен бірдей жалақы алатын дәрігерлер бар екенін айтты.

 

"Бізде барлық үстемақыны қоса алғанда кейбір дәрігерлер бір миллион теңгеден асатын жалақы алады. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған" &ndash деді Есқалиев.

 

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын жариялаған болатын. Оның көлемі &ndash 258 708 теңге. Ал орта санаттағы медициналық қызметкерлер ай сайын 161 281 теңге алып тұрады. 2025 жылға дейін дәрігерлердің орташа жалақысын 550 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

 

 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31