Нарық

СҚО-да бензин бағасы күрт қымбаттады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында бензин қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ақпан айында сұранысқа ие АИ-92 маркалы сұйық отын 155 теңге болған еді. Ал қазір оның бір литрі өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде 169 теңгеден сатыла бастады. Яғни бір айда бензин 14 теңгеге өскен.

 

Әкімдіктегілер болса, бағаның өсуіне ең алдымен елдегі мұнай өңдеу зауыттарының өнім бағасын көтеруі себеп болғанын айтады.

 

«Дегенмен, аймақта жақын арада бензин тапшылығы болмайды», - деді жауаптылар.

 

Олардың айтуынша, қор жеткілікті. Ал, баға қайтадан тұрақтала ма, жоқ па ол жағы тағы белгісіз.

 

Фархат Ибраев, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

 

- Бензиннің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Зауыттар бағаны көтерген. Оған логистиканы қосыңыз. Дегенмен, қазіргі таңда облыстық бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары осыған байланысты арнайы сараптама жасап жатыр. Оның қорытындысы сәтін салса, келер аптада белгілі болады.

 

 




Көрілген: 1056    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 21:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31