Нарық

СҚО-да «өлі» көл саналып келген су айдынында балықтар пайда болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы тұзды көл – Саумалкөлде бірнеше жылдан кейін балық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Саумалкөл халық арасында «өлі» көл атанып кеткен. Суы таза болғанымен, тұзды. Салдарынан бірнеше жыл балық болмаған.

 

Биыл осы су қоймасына көктемде пелядь балығының 3,5 млн шабағы жіберілді. Осы мақсатқа 4,5 млн теңге жұмсалды. Жоба өз нәтижесін беріп, шабақтар жерсініп, өсті.

 

Жақсы хабарды әлеуметтік желідегі өз парақшасында Айыртау ауданының әкімі Дархан Әмрин жеткізді.

 

«Саумалкөл «тірілді». Мен қазір қуанышым қойныма сыймай біздің Саумалкөлге бара жатырмын. Осыдан 4 ай бұрын жіберген шабақтар өлмепті. Біздің көктемгі тәжірибенің қорытындысын өз көзіммен көремін. Тұзды көлде балықтың өлмегеніне таңмын. Көпшілікті де бұл жаңалықтың таңқалдырары сөзсіз. Ғалымдар мұндай тұзды көлде тек сиг тұқымдас балықтары ғана өседі дейді. Бұл көлді «Ильин» ЖК жалға алған», - деп жазды Дархан Әмрин.

 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31