Нарық

СҚО жұмыртқа бағасын негізсіз көтерген құс фабрикаларына қатысты іс қозғалды

  • https://torgvelesmeat.ru/

    https://torgvelesmeat.ru/

Солтүстік Қазақстанда жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген  құс фабрикаларына қатысты іс қозғалды. 

 

Бәсекелестікті дамыту және қорғау департаменті мамандарының айтуынша, жұмыртқа өндіретін 4 кәсіпорын жыл басында өзара келісіп алып, өнім бағасын бір уақытта 20-25 пайызға көтерген.

 

Мұны құзырлы орган анықтап, барлығына ескерту жасады. Сөйтіп, өнім құнын 10 пайызға түсірген болатын. Бірақ, көп ұзамай екі өндіріс ошағы жұмыртқа бағасын тағы  аспандатып жіберді. Қазір  сауда сөрелерінде 10 жұмыртқа  430 теңгеден сатылып жатыр.

 

Фабрикалар департаменттің талабына міз бақпаған соң, жауапты тарап іс қозғаған.

 

Гүлнәр ЖАНШИНА, СҚО БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

– Екінші сараптама жұмыстары биыл қаңтар-қыркүйек айларында жүргізілді. Бұл жолы олар бағаны 10-нан 20 пайызға дейін көтерген. Құс фабрикалары жем -шөп пен бензиннің қымбаттағанын негізге алып отыр. Бірақ заңға сәйкес олар өнім құнын бір уақытта көтермеуі керек. Біз істі 3 ай тергейміз. Кейін шешімді сот шығаратын болады.

 

Егер кәсіпорындардың кінәсі дәлелденсе, онда олардың жыл басынан бастап тапқан қосымша табысы түгел тәркіленеді. Сондай-ақ табысының үш немесе бес пайызы көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

 

Құс фабрикалары БАҚ өкілдеріне бағаны не себепті өсіргені туралы жауап берген жоқ. 

 

Ал  халық  жұмыртқа сатып алуды азайтқандарын айтады. Себебі,   құны қалта көтермейді дейді.  

 

Тамара ВАСИЛЬЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Өнім қымбат. Зейнетақыны үнемдеуге тура келеді. Мен жалғыз тұрамын. Сондықтан жұмыртқаны аз жеймін.  

 

Клара ФЕДОРОВА, ПЕТРОПАВЛ  ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Жұмыртқаны алудан қалдық. Көңіл күйімді түсірмеу үшін оның бағасына мүлдем қарамаймын. Өте сирек сатып аламын.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 830    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 09:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31