Нарық

"Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады

  • "Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады

Алдағы уақытта қызмет көрсету саласы бірте-бірте қарқын ала бастайды. Қазақстан жыл соңына қарай біршама оң көрсеткішке қол жеткізеді

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев биыл экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бес айдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласы 6,2 процентке төмендеді. Ал тауар өндіру динамикасы сақталып отыр. Осы саладағы өсім 4,8 процентті құрайды. Бұл – нақты көрсеткіштер", - деді Такиев онлайн брифингте.

"Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

Вице-министр төтенше жағдаймен салыстырғанда екі апталық карантиннің жеңілдіктері басым екенін де ерекше атап өтті. Себебі бірқатар нысан жабылмай, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ал салық жеңілдіктері қараша айына дейін сақталады.

"Жалпы, алдағы уақытта қызмет көрсету саласы бірте-бірте қарқын ала бастайды. Өндірістік сектордың жоғары динамикасы сақталуда. Сондықтан жыл соңына қарай біз біршама оң көрсеткішке қол жеткіземіз деген болжам бар", - деп атап өтті Такиев.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономика қатты қысқарып жатыр. Ондай жағдай соңғы 100 жылда болмаған. Оған коронавирус пандемиясы, сауда соғыстары, протекционизм мен энергия ресурстарының төмен бағасы кері әсерін тигізді. Осыған байланысты сәуірдің басында экономикалық болжам нақтыланып, республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді.




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31