Нарық

Соңғы он жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестиция 4,5 млрд долларға дейін өсті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Соңғы 10 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестиция 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан мен Сеул іскер топ өкілдерінің онлайн-кездесуінде айтылды.

 

Семинарға 75-ке жуық оңтүстіккореялық компания қатысып, салаға қатысты мәселелерді талқыға салды.

 

Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Сондықтан елшілік тарапынан ұйымдастырылған семинар қос мемлекет үшін де маңызды еді.

 

Мысалы, Оңтүстік Кореяның құрылыс корпорацияларының бірі Қазақстан астанасында үй салуға ниеттеніп, 7 мыңға жуық пәтер салды.

 

Ержан Балтаев, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басшысы:

 

- Ал, бізді әуежай қызықтырады. Халықаралық әуежай хабына айналдыру жобасын айтар едік, мұнда сауда нүктелері, қонақ үйлер, логистикалық орталықтар сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Біз географиялық орналасуымызды және жалпы инфрақұрылым тұрғысынан мүмкіндіктерімізді ескере отырып, мұндағы әлеуетті көреміз.

 

Қазақстанмен ынтымақтастық тек Кореядағы ғана емес, сонымен қатар Шығыс Азиядағы ең ірі IT-компанияға да ой салды. Оның тұтынушыларының қатарында мыңнан астам оңтүстіккореялық корпорациялар бар. Арнайы кеңселері АҚШ, Қытай, Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істейді. Коронавирус кезеңінде де компания қызметі үлкен сұранысқа ие болды.

 

Пол Ю, IT-компаниясының вице-президенті:

 

- Мысалы, қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеген кезде компанияларға жұмысты үйлестіру үшін 6 ай уақыт қажет. Бұлтты сервистердің көмегімен біз оны 14 күнде жасаймыз. Мысалы, біз 2 апта ішінде корей мектептеріндегі 5 миллион оқушыға арнап онлайн-оқыту бағдарламасын ұсындық.

 

«Астана-Инвест» орталығынан Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігені 40-тан астам ұсыныс түсті. Барлығы дерлік бірлескен жобалар бойынша. Енді келіссөзге өкілетті орындар араласуы тиіс. Корея іскер азаматтары тіпті денсаулық сақтау ісіне қаржы салуға мүдделі.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1183    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31