Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Стратегиялық маңызы бар «Окарем-Бейнеу» газ құбырына қысқа мерзімде күрделі жөндеу жасалды

24 қазан 2019, 12:59

«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық операторының еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Окарем-Бейнеу» магистральдық газ құбырының 692-999,8 км учаскесін күрделі жөндеуді аяқтады.

Бұл стратегиялық жағынан маңызды объект, Маңғыстау облысының елді мекендеріне және өндірістік объектілеріне, соның ішінде Ақтау қ. тұрақты түрде газды жеткізіп беру осыған қатысты болып табылады. Сонымен қатар, магистраль өңірдің бүкіл тұрмыс-тіршілігіне жауапты болып табылатын облыстың ең негізгі кәсіпорны «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-ын газбен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы табиғи газды тұтыну жағынан елдің бүкіл ішкі нарығында ең жоғарғы көрсеткішке ие екендігін атап өту керек. Тек өткен жылдың өзінде ол 2,5 млрд текше метр газды немесе ішкі нарықтың барлық тұтынуының 19%-ын құрады.

Газ құбыры 40 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді, оның Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 472,8 км. Магистральдың ұзақ уақыт жұмыс істеуі біртіндеп істен шығу тәуекеліне алып келді, соның салдарынан металл мен дәнекерлеу байланыстарының беріктілік сипаттамаларына кері әсерін тигізді.

«Окарем-Бейнеу» МГҚ стратегиялық объектісінің аса маңыздылығын ескере отырып, өте қысқа мерзімде, небәрі 19 күн ішінде күрделі жөндеу жүргізіліп, 187 ақаулы (тозығы жеткен) құбыр секциялары ауыстырылды. Сондай-ақ «Бейнеу» АГТС-ке, «Төлеп» АГТС-ке тармақтар ойып жалғанды және газ құбыры учаскесі автомобиль жолдарының екі өтпесінің астына салынды.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газды және оның өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі