Нарық

Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады

  • Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады

    Судың да сұрауы бар: Елімізде су қымбаттады

Қазақстандықтар суды көп іше бастады. Жылдың бірінші тоқсаны бойынша су және алкогольсіз сусындарды тұтыну 22% өсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір ай ішінде еліміздің қалаларында минералды және асханалық бөтелкедегі ауыз су 1,6% -ға, бір литрі 94,3 теңгеге дейін қымбаттады. Бағаның жылдық өсімі 10% болып отыр.

Шыжыған ыстықта шөл қандыру үшін атыраулықтар ыдыста сатылатын судың бір литріне 116 теңге, семейліктер 109 теңге жұмсаса, ал Петропавл тұрғындарының 104 теңге төлеуіне тура келеді.

Десе де COVID-19 пандемиясы кезеңінде минералды және газдалған су өндірісі қысқарған. Қаңтар–сәуір айларында 185 млн литр шығарылды — жылына 3,4% минус. Бұрын екі жыл қатарынан сектордағы өндіріс көлемі тұрақты өскен болатын.

Сонымен қатар, өзге де алкогольсіз сусындарды шығару керісінше 4,2%-ға, 488,9 млн литрге дейін өсті.

Жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар алкогольсіз сусындарға деген сұранысты толығымен қамтамасыз етті. Барлық ішкі және сыртқы сатылымдардың 92%-ы жергілікті өндіріспен жабылды.

Қысқасы, қазақстандықтар суды көп тұтына бастады. Елдің ішкі нарығында су мен басқа да сусындарды тұтыну қаңтар-наурыз айларында өткен жылмен салыстырғанда бірден 22,2% -ға өскен.




Көрілген: 597    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 02:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31