Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сыбайлас жемқорлық билікке деген сенімді әлсіретеді

01 маусым 2011, 12:25

Бүгінде тамыры тереңге кеткен жемқорлық деңгейі қоғамда алаңдаушылық тудыруда. Оған қарсы күресетін құрылымдар болса да, түрлі бағдарлама қабылданып жатса да, бұл індетті ауыздықтау оңай соқпай тұр. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы бұл індетті түбірімен жоюға белсенді араласуға міндетті. Ал қадағалау жағы, негізінен, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Әйтсе де, қызмет бабын пайдаланып, жемқорлардың санын көбейтушілер де аз болмай тұр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптары қолданысқа ен­гелі заң құрығынан құтылудың айла - шар­ғысы да мың құбылуда. Өйткені заң талабы түзу болғанымен, оның тетіктері жан-жақты ойластырылмаған. Заң тетік­те­рін тежейтін, заң орындары кінәлі бас­шы­ның абыройын қорғауға мүдделілік та­ныт­қан жағдайда қажет жағына қарай икем­деп, бұрып әкетуге жарамды солқылдақ баптар жеткілікті. Сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оған қарсы күресті күшейтуге тиіс­піз. Бұл орайда заңгерлердің ғана іс-қимылы аздық етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл дертті бүкіл ел болып еңсеретін кез жетті.
Бүгінде Қазақстан Орталық Азия ай­ма­ғында ғана емес, жалпы ТМД елдері ара­сын­да да жемқорлыққа қарсы мықты дамыған заңнамасы бар ел саналады. Мұн­дай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды, «Жемқорлықпен қү­рестің 2006 -2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын» қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қыз­мет­шілердің «Ар-намыс кодексі» бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында «Жеке және заң­ды тұлғалардың өтініштерін қарау тәр­тібі туралы» Заң қабылданды.
Бұл заңнамалық актілердің басты мақ­са­ты –азаматтардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау. Сыбайлас жем­қор­лықтан туындайтын қауіп-қатерден елі­міз­дің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сы­байлас жемқорлыққа байланысты құ­қықбұзушылықтың алдын алу үшін оларды анық­тауға, жемқорлық жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік орган­дар­дың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдардың және былайғы жұрттың да отанына қалтқысыз қызмет етуін қам­та­масыз ету.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсе­кеге қабілеттілігін айтарлықтай төмен­де­тіп, қоғамдағы демократиялық өзге­ріс­терді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің ха­лық­аралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – халықтың қоғамның де­мократиялық бастауларына заң мен шын­дыққа, сайып келгенде, билікке деген сені­мін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мем­лекеттік саясаттың стратегиялық ба­сым­дығы болып табылады. Елбасы сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күрестің мынадай бағыттарын белгілеп берді:
– сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;
– мемлекеттік ресурстарды бөлудегі ба­қылауды күшейту;
– мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақы­лау;
– сыбайлас жемқорлықпен күреске өкі­летті билік органдарын кеңінен тарту;
– әртүрлі салаларда сыбайлас жемқор­лық­тың орын алу деңгейін анықтау кезінде халық­аралық рейтингтер жүйесін пай­да­лану;
– халықаралық институттардың, отан­дық үкіметтік емес органдардың өзара іс-қимыл жасауы.

Сонымен қатар сыбайлас жем­қор­лық­пен пәрменді күресу үшін халықтың құ­қық­тық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсін­діру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Әрбір азамат өз құқығын, өз құқығына қайшы әрекет жа­сал­ған жағдайда қолданатын іс - қимылдың нақты жолдарын білуі қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсанындағы №1686 Жарлығымен бекітілген «2006 – 2010 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес туралы мемлекеттік бағ­дарламасы» өз мәресіне жетті деуге бола­ды. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасы өз қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету бойынша осы бағытта елеулі іс-шаралар атқаруда. Мәселен, Ме­деу ауданы бойынша Салық бас­қар­ма­сы­ның фойесінде әділет органдарының ма­ңыз­ды тұлғаларының заңсыз іс-әре­кет­теріне азаматтардың өтініштері мен арыз­дарына арналған жәшік орнатылған.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ке­зін­де олардың жеке бас ақпараттары қа­таң тексеріліп, құқықбұзушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауап­қа тартылған-тартылмағаны тексері­ле­ді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жем­қор­лықпен күрес туралы» Заңының орын­далуы мақсатында, Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша Салық бас­қар­масының іс - шаралар жоспары бекітіліп, оның орындалуы басшылық тарапынан қатаң бақылануда.
Аудандық басқармаларда аталмыш тақы­рыпта үнемі семинар сабақтар өткі­зі­ліп, дәрістер тыңдалады. Қызметкерлердің бұ­қаралық ақпарат құралдарымен бай­ла­н­ыс орнатуы қолға алынған.