Нарық

Сіз сатып алғыңыз келген бұл емес: Инвесторлар акция алуда жаппай шатасқан 5 жағдай

  • Сіз сатып алғыңыз келген бұл емес: Инвесторлар акция алуда жаппай шатасқан 5 жағдай

    Сіз сатып алғыңыз келген бұл емес: Инвесторлар акция алуда жаппай шатасқан 5 жағдай

Қор нарығында мұқияттылық танытпағандықтан кей жағдайда бірқатар мәселелер туындайтыны белгілі. Табысқа оңай қол жеткізгісі келетіндер, тіпті, компаниялардың атаулары мен олардың белгілерінен, нарықтан немесе инвестиция құрал түрлерін шатастыруы мүмкін.

Камдендегі (АҚШ) Ратгерс университеті Қаржы кафедрасының доценттері Вадим Балашов пен Андрей Никифоровтың жүргізген зерттеуіне сәйкес, ұқсас тикерлерді шатастыру ең жиі жіберілетін қателік екенін аңғартты. Мәселен, ұқсас белгілері 12%-дан  25% - ға дейін 254 жұп компанияны таңдағанда сауда айналымының бірлескен  қозғалыстарын көрсетеді, ал бұл инвесторлардың шатасуы ретінде есептеледі. Сонымен қатар, немқұрайлы инвесторлар өздерінің қателіктерін түсінгенге дейін "дұрыс емес" компаниялардың жоғары көлемдері мен қозғалыс динамикасы тағы бірнеше сауда күндеріне корреляцияны көрсетеді. Дегенмен қателесіп сатып алынған акциялардың көтерілуіне адамдар үнемі кінәлі бола бермейтінін мойындау қажет.

 
Институттық инвесторлардың сауда операцияларының 70%-ы автоматты немесе алгоритмдік сауда арқылы өтеді. Соңғы жылдары нейрондық желілер сауда роботтарына негізгі трендтерді, көзге бірінші түсетін тақырыптарды талдауға және соның негізінде қор нарығындағы ең "шұғыл" сатып алуға және сатуға үйретті. Алгоритмдер Twitter-ді оқи бастап, Facebook-тегі жаңалықтар легін парақтай бастады, тез сауда жасаудың жаңа алтын тамырын табуға ұмтылып, алғашқы қар туралы сторисіңізді қарай бастады әрі тикерлерді жиі шатастыра бастады. Осыған орай, адамдардың, роботтар мен хеджирлеу қорларының сатып алғысы келген компанияларды шатастырған ең қызықты 5 оқиғасын ұсынамыз. 

1. Бұл - сіз іздеген Твиттер емес 

Сонау, 2013 жылы, "бақыт құсы" инвесторларға Twitter Inc-тің IPO-ға шығатыны жайында хабар әкелген кезде, инвесторлардың толқуы Tweeter Home Entertainment Group акцияларын құрдымнан қайта жандандырды. Компанияның өзі 2008 жылы банкротқа ұшырағанына қарамастан, электрониканың бөлшек сауда желісінің бағалы қағаздары IPO жарияланған күні 1 800%-ға шарықтады. АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша сағат 12:42 қолайсыз жағдайды сезінген қаржы саласының реттеуші органы Tweeter акцияларын сатуды тоқтата тұруға бұйрық берді. Бұл оқиға "нарыққа айтарлықтай әсер еткен төтенше оқиға" ретінде түсіндірілді. Tweeter сауда тикері "бауырласынан" айырмашылығы бір әрпінде. Егер бәрімізге әйгілі Twitter сауда тикері TWTR болса, "бауырласының" тикері &ndash TWTRQ. 

2.  Ford  пен FORD айырмашылығы қандай?

Осы жағдайды кейде нарықта болып тұратын барлық қателіктер жиынтығы деуге болады. Көп миллиардты автоиндустрия алыбы Ford Motor Company (F тикері) компаниясында үлкен өзгерістер болып жатса, кейбір инвесторлар медициналық бақылау жүйелері мен басқа да электронды құрылғылар құтысының шағын өндірушісі әрі капиалы 46 млн АҚШ долларын құрайтын Forward Industries (FORD тикері) акцияларын қателесіп сатып алып жатады. Бұл екі компания екі түрлі болса да, екі акциядан тұратын кестеде белгілі байланыс байқалады. 

3. Өз блокчейніңізді салқындатыңыз 

2017 жылдың соңы қарай әлем халқы блокчейн индустриясына жаппай қызығушылық таныта бастады. Сіздің криптовалютаның инвесторы,  бағдарламашы екеніңіз ешкімді қызықтырмаса да немесе жаңалықтардан технология жайында естіп, бірақ мүлдем  түсінбесеңіз де, "блокчейн" сөзі үлкен тақырыптық көрмелерді тудырып, біраз "шулатты", биткойнға бағасы қалай құлдыраса, мұндай көрмелер де солай жоғалып кетті. Сол таңғажайып кездері, егер Сіз өз компанияңыздың атына Blockchain сөзін қоссаңыз жеткілікті, себебі аңдып отырған сауда роботтарының назарына ілегетініңіз сөзсіз. Нью-Йоркте салқын шай, сусындарды шығаратын Long Island Iced Tea өндірушісі тура солай жасаған еді. 2017 жылы 19 желтоқсанда компания атауын Long Blockchain Corp деген атауға өзгертіп, сауда-саттық ашылғаннан бастап акциялары бірден екі жүз пайызға өсті. 2017 жылдың соңында өсудің "нағыз құпиясы" деп осы тәсілді айтуға болады. 

4. "Алиэскпрестегі" ZOOM

Zoom Video Communications бұл &ndash сіздің өз басшылығыңызбен видеоконференцияда байланыста отырғанда сүйкімді болып көрінуіңіз үшін бағдарламалық жасақтама әзірлеген көпшілікке таныс компания. Компания IPO-ны бір акция үшін $36 доллардан өткізіп, 2019 жылы 18 сәуірде сауда-саттыққа шықты. Қазіргі уақытта компанияның акциялары 1 135% - ға өсті. Алайда, тіпті мұндай нәтиженің өзі кезеңде шағын қытайлық Zoom Technologies компаниясы акцияларының 2019 жылғы 22 наурыздан 15 сәуірге дейінгі кезеңде 35 000% - ға көтерілгенімен салыстырғанда мүлдем байқалмай қалады. Жағдай айтарлықтай күлкілі, себебі  немқұрайлы инвесторлар қателерінен сабақ алып, бір айда "дұрыс" компанияның бір жарым жылдағы акцияларына қарағанда мың есе көп ақша таба алды. ZOOM Video  шықпай жатып, көптеген инвестор үшін армандаған ақ боз аттай көрінгендіктен, қытайлық клонның айналасындағы дүрлікпенің болғанын заңдылық деуге болады. Инвесторлардың бір бөлігі қытай нарығында күтпеген жерден болған мол ақшаның астында әлі де қала тұруды көздеп, акцияларды саналы түрде сатып алғанын жоққа шығаруға болмайды. 

5. Тентектік іске асты

Twitter Трамптың аккаунтын бұғаттағаннан кейін, жердегі ең бай адамның бірі  Илон Маск "нарықты бір твитпен дүрліктіре алатын басты әуесқой" деген атаққа ие болды. Tesla Inc. басшысы  Twitter-де өзінің "әзіл-қалжыңымен" бұрыннан танымал. Сол арқылы Tesla акцияларын біресе көтеріп, біресе құлдыратып, тіпті БҚБК (Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссия) тарапынан жазаланып та үлгерді. Мұндай деңгейдегі ресми аккаунт сауда роботтарының және акциялар мен криптовалюталарды Масктың аузынан шыққан сөзіне қарап сатып алуға дайын қарапайым бөлшек инвесторлардың тарапынан тұрақты "бақылауында" болатыны анық. 7 қаңтарда Лос-Анджелесте тұратын Илон Twitter-де SIGNAL мессенджеріне жолданған "Use Signal" жайында жазды.  Осы Твиттерде ол қолданушыларға құпиялылық саясатындағы соңғы өзгерістерге байланысты WhatsApp-ты басқа бағдарламаға ауыстыруды меңзеді. Сонымен қатар, АҚШ &ndash тың басқа бөлігінде 2019 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша бір қызметкері осы компанияның Бас директоры жұмыс істеген  Signal Advance шағын компаниясының акциялары өсе бастады. Бір сауда сессиясында акциялар 527% - ға шарықтап, екіншісі үшін тағы 97% қосылды. 

Ансар Абуев,

"Фридом Финанс" ИК сарапшысы

stan.kz




Көрілген: 2180    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 11:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30