Нарық

Табыс декларациясы: сенат депутаттары үкіметке асықпауға кеңес берді

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Сенат депутаттары жалпыға бірдей декларацияға кезең-кезеңмен көшуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сенат депутаты Дәурен Әділбеков премьер-министр Асқар Маминнің атына жалпыға бірдей декларацияға көшу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.


Депутат жалпыға бірдей декларация азаматтардың табысын тиімді бақылау жүйесін құру, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықпен күрес, бюджетке салық пен міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту үшін қажет екенін атап өтті.


"Алайда ұйымдастырушылық және техникалық сипатта шешілмеген мәселелер барын ескерсек, үкіметтің жалпыға бірдей декларацияға көшуге дайындығы туралы мәселе туындайды", - деді Әділбеков сенаттың жалпы отырысында.


Осы орайда сенатор бірқатар мәселені атап көрсетті. Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарында кең жолақты интернетке қол жетімділік деңгейі 80 процентке дейін жеткізілмек, ал 2023 жылға қарай – 83 процентке дейін.


Әділбековтің пікірінше, бұл азаматтардың барлық санатынан мәліметтер алуды қамтамасыз етпейді.


"Екінші, заңнамада жеңілдікті арнайы салық режимі, бірыңғай жиынтық төлемінің болуы шынайы табыс пен шығындарды анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, аталған режимдердің қолданысы капиталды үшінші тұлғалардың заңдастыруына әкеп соғады", - деп алаңдаушылық білдірді сенатор.


Үшінші мәселе ретінде депутат мүлік, жер учаскесі, көлік бойынша деректер базасын біріктіру жұмысының аяқталмағаны мен Қазақстан азаматтарының шетелде активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтер базасының жоқтығын атап көрсетті.


"Тағы бір проблема – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері бір уақытта 13 миллион декларанттан декларация қабылдап, оны өңдеуге дайын емес. Сондықтан осы айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан азаматтарының табысы мен мүлігін жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу мәселесін қарауды ұсынамыз", - деп түйіндеді Әділбеков.


 




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31