Нарық

Табысы төмен азаматтарды кіріс салығынан босату ұсынылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Табысы төмен азаматтарды кіріс салығынан босату ұсынылды. Бұл туралы Көкшетауда «Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар экономика дамуының нақты көрсеткіші» тақырыбында өткен қоғамдық талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстанның коммунистік халық партиясының (ҚКХП) Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған шараға жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік кірістер басқармасының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының облыстық филиалы, Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімі өкілдері және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар қатысты.

 

«Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға мемлекеттің назары қажет. Мемлекет оларға үлкен көңіл бөлсе, онда өзін өзі жұмыспен қамтып отырған қаншама адамның жағдайы дұрысталар еді. Ол үшін ең бастысы, табысы төмен азаматтарды кіріс салғынан босату керек. Есесіне бұл жүктемені ірі кәсіпорындарға аудару керек. Екіншіден өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарға әлеуметтік баспалдақ ұсынып, білімдерін жетілдіруге көмектесу қажет. Халық коммунистері азаматтарға салық төлеуде тең мүмкіндік жасалуы тиіс деп есептейді», - деп атап өтті партияның облыстық филиалының төрағасы Олжас Тұрғынов.

 

Сонымен қатар, жиында Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурский, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Смағұлова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Сандуғаш Алдабергенов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының облыстық филиалы басшысының орынбасары Ерқанат Мұсылманбек және Зеренді бағытындағы бақташылар серіктестігі қауымдастығының төрағасы Николай Лохмай сөз алып, азамттардың өзін өзі жұмыспен қамту бағытында орын алып отырған түйіткілді мәселелерді ортаға салды және оны шешу жолында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіріп берді.




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 07:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31