Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тағы да еврейлер кiнәлi

01 маусым 2011, 16:20

The Christian Science Monitor басылымы әлемде еврейлердi дағдарысқа кiнәлi санайтын көзқарастардың өршiп келе жатқандығына алаңдық танытып отыр.
«Ашкөз, дүниеқоңыз, пайдақор еврейлер туралы стереотиптi көзқарастар келмеске кеткен тәрiздi көрiнгенмен, қазiр бұл көзқарас қайта жанданып келедi», – дейдi басылым шолушысы Брэд Э.Гринберг. Соңғы социологиялық сұраулардың нәтижесi, ең ұстамды саналатын еуропалықтардың өзiнiң 40 пайызы «еврейлер қаржы саласында өте үлкен ықпалға ие» деп ойлайтын болса, 30 пайыздан астамы «олар ғаламдық дағдарысқа тiкелей кiнәлi» деп санайтындығын көрсетiп отыр.
Бұл мәселеге байланысты жаңылыс еврейлердiң «маммона» ұғымына байланысты бiздiң дәуiрiмiзге дейiн-ақ басталған болатын. Еврейлер үшiн «ақша» деген ұғымды бiлдiретiн осы сөздi Жаңа Өсиетте (Новый Завет) Иса пайғамбар ашкөздiктiң символы ретiнде айыптаған болатын. Бiр қызығы, еврейлердiң қаржы саласындағы басымдығын Католик шiркеуi өзi қамтамасыз етiп бердi: христиандарға өсiмқорлықпен айналысуға тыйым салынған болатын. Ал көшпелi еврейлер сауда мен ақшаға барынша жақын болды. Бұл икемдiлiк пен ептiлiк еврейлердiң Еуропада орта ғасырлардан бастап қаржы саласында үстемдiкке ие болуына мүмкiндiк бердi. XIX ғасырда Америкаға қоныс аударған еврейлер ақырында әлемдiк қаржы саласын қадағалауға қол жеткiздi. Lehman brothers, Solomon Brothers тәрiздi қаржы алпауыттарының тарихы оған жақсы дәлел бола алады.
«Еврейлер АҚШ қаржы нарығында басымдыққа ие емес, ал Time басылымы оларды «әлемдiк дағдарысқа кiнәлiлер –25 тiзiмiне» қосқан жоқ, дағдарысқа бәрiмiз де бiрдей жауаптымыз» деп саяси iзеттiлiкпен қорытындылайды басылым шолушысы.

P.S.
Әйтсе де автордың пайымдарына сүйенетiн болсақ, бұл жерде «әлемдiк қаржы саласында кiмдер үстем болып отыр», «Time басылымының қожайыны кiмдер, олардың жасаған тiзiмi қаншалықты қисынды (тiзiмде Джордж Буш бастаған бес еврей бар)», «далада малын бағып тыныш жүрген Қойшыбаев дағдарысқа неге кiнәлi болуы керек,» – деген жаңа сауалдар туындайтын тәрiздi.