Талдықорғандық кәсіпкерлерге 38 млн астам теңге қайтарылды

20 шілде 2023, 18:32

Талдықорған қаласы прокуратурасының қызметкерлері мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт бойынша кепілдік сомасы дер кезінде қайтарылмаған 22 кәсіпкердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласы әкімдігінде өнім берушілер міндеттемелерді орындағанымен, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны қайтармай келген.

 

Прокуратура актілері бойынша кәсіпкерлерге 38 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz