Тауарларды міндетті таңбалау операторын алып тастау керек – Депутат

19 қаңтар 2022, 17:16

«РОП сияқты тағы бір қолдан жасалған монополия - тауарларды міндетті таңбалау операторын алып тастау керек». Мәжіліс депутаты Дания Еспаева осылай деп, Вице-Премьер Бақыт Сұлтановқа депутаттық сауал жолдады.

 

«Ақ жол» фракциясының депутаттары 2018  жылы «Тауарларды таңбалау туралы келісімнің ратификациялануын қолдамады. Әрі «таңбалау» ұғымын акцизделетін тауарлар үшін ғана қолдану керек» дейді.

 

Әйтпесе міндетті таңбалау – кәдімгі тұтыну тауарлары мен азық-түліктің қымбаттауына алып келген.

 

Дания Еспаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

- Шенеуніктер бізді бұл болмайды деп сендірген, бірақ өткен жылы пилоттық жоба таңбалаудың енгізілуі сүт өнімдерінің 35%-ке қымбаттауына алып келгенін көрсетті. Соның салдарынан олар одан бас тартты. Бірақ аяқ киім үшін таңбалауды енгізді, содан көптеген аяқ киім дүкендеріне жұмысының тоқтап қалу қаупі төніп түр, кәсіпкерлер бағаның 20-25%-ке өскенін айтып отыр, бұл жалпы инфляцияға үлесін қосуда. Басқа тауарлар үшін де таңбалауды енгізу кезекте тұр: мәселен, Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес тоқыма өніміне, су мен сусындарға, дәрілік заттарға таңбалауды енгізу мерзімдері белгіленген. Кезекте басқа да өнімдер бар.

 

Сонымен қоса депутат қазір «Үкімет «таңбалауды» енгізуді жалғастыруда. Осы ретте салық жекеменшік компанияға кетіп жатыр», - деді. 

 

Дания Еспаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

- Мәселен, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып 49% жекеменшік құрылымдарға тиесілі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы айқындалған.

 

Бұл жерде Мемлекет басшысы төлемдерге қатысты мәселесінің басын ашып, олардың жеке тұлғаларға емес, мемлекетке түсуін қамтамасыз етуді тапсырған кәдеге жарату алымымен және РОП-пен еріксіз салыстыруға тура келеді.

 

 

 

24.kz