Нарық

Тауарлардың заңдылығын мобильді қосымша арқылы тегін тексеруге болады – Мамин

  • © Sputnik / Максим Блинов

    © Sputnik / Максим Блинов

Қазақстанда тауарлардың заңдылығын тегін тексеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар іске қосылады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Қазақстанда тері бұйымдары мен темекі өнімдері міндетті түрде таңбаланады. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек, алкоголь, аяқ киім және сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар басталды.

 

Бірыңғай оператор &ndash Қазақтелеком "Тауарларды таңбалау және қадағалау" ақпараттық жүйесін әзірледі.

 

"Тауарлардың заңдылығын тексеру үшін "Naqty Sauda" және "Naqty Onim" тегін мобильді қосымшалары енгізіледі. Бөлшек сауда орындары сканерлермен жабдықталып жатыр. Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу отандық нарықты контрафактілік және сапасыз өнімнен қорғауға, азаматтардың денсаулығын сақтауға, отандық тауар өндірушілердің ЕАЭО нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", &ndash деді Мамин үкімет отырысында.

 

Ол бизнес өз тауарларының сапасын арттыруға, оның ішінде өз өнімін таңбалауға мүдделі болуы керек екенін атап өтті. Айтуынша, таңбаланбаған өнім шетелдік нарықтарға шығарылмайды.

 

Сонымен қатар, тауардың Қазақстан аумағында таралуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды.

 

"Соның арқасында осы жылдың 10 айы ішінде кедендік баж, қосылған құн салығы мен акциздерден түскен түсім 132,1 миллиард теңгені құрады. Ал жоспар бойынша 2025 жылға дейін кумулятивтік әсер 2,6 триллион теңгеге дейін жетеді", &ndash деді премьер.

 

Айтуынша, тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі өндіріс, сауда көлемін ұлғайтуға, көлеңкелі айналымды азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 13:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31