Нарық

Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарлама бойынша қашан өтініш қабылдана бастайды

  • https://lsm.kz/

    https://lsm.kz/

"Ұмай" деп аталатын әйелдерге арналған жаңа ипотекалық бағдарлама 12 сәуірден басталады.

 

Жаңа бағдарлама отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспайтындарға тұрғын үй алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады "Отбасы банкі". Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің соңғы 12 айдағы табысы да ескеріледі.

 

"Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12%, тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-ке дейін төмендейді. Атыңыздағы баспананың бар жоғы маңызды емес. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғары құны - 30 миллион теңгеге дейін", - делінген хабарламада.

 

"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты алғашқы немесе екінші нарықтан үй сатып алуға пайдалануға болады. Ипотеканың ең ұзақ мерзімі – 25 жыл.

 

Бағдарламаның негізгі шарттары қандай

 

Бағдарламаға 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін зейнеткерлер қатыса алады.

 

Сондай-ақ қаражатты жылжымайтын мүлікті жөндеуге пайдалануға болады. Бұл мақсатқа қарыз 3 700 000 теңгеден аспауы тиіс. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі болуы қажет.

 

Егер отбасы табысы 200 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 85%-не дейін. Мысалы пәтерді бағалау құны 10 миллион теңге болса 8,5 миллион теңгеге дейін қарыз алуға болады.

 

Егер отбасы табысы 320 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 80%-не дейін. Мысалы пәтерді бағалау құны 10 миллион теңге болса 8 миллион теңгеге дейін қарыз алуға болады. 

 

Өтінім қалай беріледі

 

Бағдарламаға қатысу үшін банкке өтінім беріп, депозит ашу қажет. Несие мерзімі ішінде ипотека алдын ала қарыздан тұрғын үй қарызына (жылдық 5%) ауыстырылады. 

 

Отбасы банкі бұл алдын ала шарттар екенін ескертті. Соңғы талаптар бағдарламаның басталған күні 12 сәуірде белгілі болады.

 

Бұдан бұрын банк, қарыз алушылардың 60 мыңнан астамы әйелдер екенін хабарлаған болатын. Олардың 64%-ке жуығы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басқа жерлерде тұрады.

 

"Отбасы банкі" (бұрынғы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз банк. Акционері - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1338    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31