Нарық

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ КРЕДИТ: АТФБАНК ӨЗІНІҢ КЛИЕНТТЕРІ ҮШІН АЛДЫН АЛА МАҚҰЛДАУ ЖҮЙЕСІН ОҢАЙЛАТТЫ

  • ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ КРЕДИТ: АТФБАНК ӨЗІНІҢ КЛИЕНТТЕРІ ҮШІН АЛДЫН АЛА МАҚҰЛДАУ ЖҮЙЕСІН ОҢАЙЛАТТЫ

    ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ КРЕДИТ: АТФБАНК ӨЗІНІҢ КЛИЕНТТЕРІ ҮШІН АЛДЫН АЛА МАҚҰЛДАУ ЖҮЙЕСІН ОҢАЙЛАТТЫ

АТФБанк жеке тұлғалар үшін кредитті алдын ала мақұлдау процедурасын оңайлатты. Енді кредитке өтінімді ресімдеу үшін әлеуетті қарыз алушыға Банктің байланыс-орталығына 2424 нөмірі арқылы қоңырау шалса жеткілікті, одан кейін оператор қосымша мәліметтерді нақтылайды және оларды жүйеге енгізеді. Банктің аты банк және қауіпсіздік мәселесі бұл жерде басымдылыққа ие, сондықтан да клиентті сәйкестендіру мақсатында, банктен операторға айту қажет код берілген смс-хабарлама келеді, оны клиент операторға айтуы керек.


АТФБанктің операторында «сіздің – сіз» екеніне ешқандай күмән қалмаған соң, ол кредит төлеу қабілеттілігінің скорингтік бағалау жүйесін іске қосады, ол 2-5 минут ішінде өзінің қорытындысын береді. Бұл уақыт қарыз алушы алуына болатын жалпы кредит сомасын, сонымен қатар өтеу кезеңін және ай сайынғы төлем мөлшерін анықтау үшін жеткілікті. Кредит берудің максималды мерзімі – 7 жылға дейін, ал осындай кредиттің сомасы 7 млн. теңгеге дейін жетуі мүмкін, бірақ әрбір жеке жағдайда қарыз алушының өзімен тікелей байланысты бірнеше факторларға – оның табысының деңгейі, кредиттік тарихы және с.с. байланысты болады.


Скоринг нәтижелері бойынша клиентке бас тартылуы да мүмкін, бұл жағдайдың өзінде соншалықты қынжылатын ештеме жоқ, өйткені сіз құжаттар жинау мен банк бөлімшесіне баруға кеткен «сағаттар мен күндер» орнына бар болғаны бірнеше минут қана уақыт жұмсадыңыз.


Осылайша, АТФБанктің «телефон арқылы кредит» жаңа сервисімен кредитті алдын ала мақұлдау – бұл бірнеше минутта шешілетін мәселе. Қарыз алушыларға ыңғайлы болу үшін кредитке өтінім берудің тағы да бір нұсқасы іске қосылған – ол АТФБанктің https://www.atfbank.kz/ сайты арқылы орындалады. Онлайн-өтінімді бергеннен кейін клиентке Банктің қызметкері хабарласып, кеңес береді және бөлімшеге кредитті ресімдеу үшін шақырады немесе бас тарту туралы хабарлайды.


Екі тәсіл де, телефон арқылы қоңырау шалу және онлайн-өтінім беру Клиенттің ақшаны алу және кредитті ресімдеуі үшін шарт жасайтын кезіне дейін Банк бөлімшесіне келуін қажет етпейді.


Телефон арқылы қоңырау шалумен кредитті алдын ала мақұлдау жүйесін АТФБанктің барлық клиенттері пайдалана алады. Сондай-ақ, бұл басқа тұлғаларға кредит беру, басқа да қызмет түрлері және шарттары бойынша толығырақ кеңес алуды шектемейді, олар АТФБанк бөлімшелерінде және байланыс ортылығы телефондары арқылы әрқашан қолжетімді. 




Көрілген: 1576    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31