Нарық

Теміртауда тауық етінен екпе инесі шықты

  • almaty.tv

    almaty.tv

Жергілікті өндіріс орны өнімнің ішінен шыққан екпе инесін зұлымдық ойлаған бәсекелестерінің әдейі жасағаны деп отыр, деп хабарлайды 31 арна.


«Бұдан кейін қалай тауық етін сатып алуға болады. Бұл – тіпті кешірілмейтін жағдай. Инені онда қалай жіберуге болады. Өздері тексерсін, ақылы болғандықтан, тексеруге берген жоқпын», – дейді тұрғын Гүлнәр Ілдебаева.


Қазақстанның құс өндірісі кеңесі Қазақстан мен Белоруссияда шығарылатын өнімдерге екпе салмайтынын айтады. Мұндай әрекетке кейбір ресейлік және украиналық сатушылар баратын көрінеді. Сонымен қатар, шетелдік өндіріс орны жергілікті маркамен де өнім шығаруы мүмкін деген дерек бар.


Өндіріс компаниясында аталған өнімге екпе салынбайтынын және тауар сертификатталған түрде келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, олар өнімнің түгел адам қолымен қорапқа салынатынын, барлық мемлекеттік талап ескерілетінін айтты.


Олар сатып алушыларға тауарды дүкенде тексеріп алуға, күмәнді жағдайда тұтынушылардың құқығын қорғау үшін басқармаға, ішкі тексеріс жүргізуі тиіс өндіріс орнына хабарласуға кеңес берді.


sn.kz


 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30