Нарық

Теңгеге қысым алыпсатарлардан келіп жүрмесін

  • Теңгеге қысым алыпсатарлардан келіп жүрмесін

    Теңгеге қысым алыпсатарлардан келіп жүрмесін

Ресей рубльі күннен-күнге төмендеп барады. Мұнай бағамына қатысты да сарапшылар тарапынан жағымды пікірлер айтылып отырған жоқ. Әлемдік экономикалық үрдістерге қарап халықаралық нарық заңдылығын зерттейтін отандық мамандардың басым бөлігі «Қазақстанда тағы бір девалвация болуы әбден мүмкін» деп отыр. Бірақ еліміздің Ұлттық банкі рубль құнсызданып, мұнай арзандап жатқанымен мұның теңгеге еш әсері болмайтынын айтып бұқараны сендіріп бағуда. Бұған қатысты Ұлттық банк төрағасы Келімбетов мырза «ақпандағы девальвацияда әлем экономикасындағы жағдайлардың барлығы ескерілген. Мұнайдың 80 доллар болуы, ал рубльдің 43-ке дейін әлсіреуі де бізге әсерін тигізбейді, теңге дәлізінің 170-те 188 теңге болып бекітілуі оңтайлы шешім» деп отыр.

Дегенмен қазір Ресей рубльінің бір долларға шаққандағы бағамы 46,50 ал мұнайдың бір баррелі 79,55 доллар болып тұр. Осыған қарап бірқатар экономист-сарапшыларымыз «Теңгеге қысым түсіп жатыр. Бірақ Ұлттық банк теңгені мәжбүрлеп ұстап отыр» деген пікірлерді алға тартуда. Мамандардың пайымдауынша, келер жылдың басында-ақ доллар 200 теңгеден асуы мүмкін. Оған бірнеше себеп бар.

Айталық, қазір Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң өткен жылы рубль барынша әлсіреді. Ол әлсіреу биыл тағы жалғасын тапты. Тұс-тұстан салынған санкциялары бар, валюта нарығындағы алыпсатарлары бар, мұнайдың түсуі бар, мұның барлығы бірігіп рубльді одан әрі құлдыратты. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин рубльдің құнсыздануы қатысты валюта нарығындағы алыпсатарларға тосқауыл қою керектігін, елдің Орталық банкіне валюта нарығын рететуге кірісу қажеттігін баса айтқан болатын. Ресей президенттің алыпсатарларға тосқоуыл қою туралы мәлімдемесінен кейін артынша бір рубльдің долларға шаққандағы бағамы 41,50 долларға бекігендей болды. Бірақ қайта айналып келіп, кешелі бері рубль 46,50-дің айналасындағы бағамды құрап тұр.

Жалпы, қандайда бір елдің ұлттық валютасының құнын түсіруге алыпсатарлық операциялардың көбейіп кету де ықпал етеді. Бұл жайында былтыр ақпандағы теңге девалвациясы кезінде де бізге анық мәлім болды. Сол кезде Ұлттық банк «алыпсатарлық операциялардың өсуінің әсерінен де Қазақстан Республикасы экономикасында теңге бағамының өзгеруі артты. Алыпсатарлық дүрлікпе мен айырбас курсының өзгерістерін алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді» деген еді. Міне, қазіргі кезде де экономист-сарапшыларымыз валюта нарығында жүрген спекулянттар (алыпсатарлар) осы сәтті өздерінің «жұлдызды сәті» деп бағалауда дейді. «Себебі қазірде Қазақстанда ірі спекулянттар санаулы ғана. Олардың валюта бағамына әсері оншалықты жоғары емес дегенімізбен, нарықта «валюта бағамымен ойнайтындар» бар»дейді сарапшыларымыз.

Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:

- Қазір Ресей рубльінің бағамы белгісіз күйде қалып отыр. Рубль біресе төмендеп, біресе сәл-сәл жоғарылап құбылып тұр. Ресейде рубль төмендеп жатқанмен, Қазақстанда рубль өте өтімді. Қазір бізде бір рубль 3,8-3,9 теңге болып тұр. Бұл бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеу. Бұрындары бір рубль 4,3 немеме 5,2 теңге болатын. Қалай десек те рубльдің валюта нарығында өтімділігі жойылған жоқ. Бұған қатысты Ұлттық банк «екі ел арасындағы алыс-беріс сауда барысында есеп-айырысу рубльмен жасалатындықтан рубль осыдан өтімді» дейді. Бірақ бұл жерде мынадай гәп болуы да мүмкін. Егер біздегі алыпсатарлар бізден ірі көлемді арзан рубльді сатып алып, оны Ресей нарығына апарып салар болса, онда бұл қауіп.

Жалпы, валюта алыпсатарлары деген валюта бағамын өзгертуден пайда табатын халық. Валюта тәуекелін әдейі қабылдау, не валюта тәуекелін сақтандыру жөніндегі валюта операцияларын қасақана жасамау арқылы олар пайда көреді. Ресейдегі рубль бағамының төмендеуіне санкциялардан, мұнай бағасынан бөлек нақ осы спекулянттар да өз әсерін тигізді. «Ресейде нарық үлкен. Қазақстанда ондай ірі спекулянттар жоқ» дегенімізбен, бізге де былтыр ақпан айында теңгені девалвациялауға осы спекулянттардың әсері болды. Алыпсатарлар айналымдағы долларды көбейтіп, Ұлттық банк сол долларды көптеп сатып ала бергендіктен де, доллардың айналыстағы көлемі артып, теңге әлсіреген болатын. Қалай десек те, алыпсатарлардың қазір де теңгеге қысымы бар. «Валюта бағамы төмендейді» деп оның төмендеуіне ойнау, «валюта бағамы жоғарлайды» деп оның жоғарлауына ойнау бізде қазір бар. Білесіздер, ақпандағы девалвация кезінде Ұлттық банк заңдылықты сақтамаған осындай бірқатар валюта алыпсатарларын жазалады. Дегенмен алыпсатарлардың көбісі үнемі өздерінің бас пайдаларын ойлайтындықтан, тіптен қайсібірі шет мемлекеттерде, Ресейде, өзге ТМД елдерінде отырып кәсібін дөңгелете алатындықтан бізге бұл арада заңдық тұрғыда сақтық шараларын күшейту керек. Олай етпесек, болашақта теңгеге ірі қысымды нақ осы алыпсатарлар жасауы мүмкін. Ендеше бұл арада әділетті шешімдер қабылдануы тиіс. Негізінде, біз бұл арада нақ осы алыпсатарлардың әрекетінен болған бірнеше биржалық күйреулерді ұмытпауымыз керек. Бір ғана АҚШ-та болған 1929 жылдың «қаралы бейсенбісін» экономика саласын жақсы білетін мамандар ұмытпауы тиіс. Бұл кезеңде АҚШ-тағы алыпсатарлар биржадағы барлық акциялардың құнын түсіріп жіберіп, экономикасы сол кездің өзінде жанданған АҚШ-ты тұралатқан болатын. Сол кезде АҚШ бір күнде 25 млрд доллар жоғалтты. Бұл қазірше есептегенде 320 млрд доллар еді. Бұл АҚШ-тың бір күнде көрген шығыны. Сондықтан қай кезде, қай кезеңде болмасын биржа алыпсатарлары мен валюта алыпсатарлары өте қауіпті. Ендеше бұл арады біз валюта алыпсатарларына қатысты заңды қатайтып, мемлекеттік бақылауды күшейтіп, қандайда бір қауіптің алдын алуымыз керек.

Автор: Қарлығаш Зарыққанқызы




Көрілген: 1859    Пікірлер: 0

жұма, 21.11.2014, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30