Теңгелік депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды

10 қаңтар 2022, 13:39

Қазақстандықтардың ұлттық валютадағы депозиттерінің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды.

 

Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамту жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдаған.

 

11 қаңтардан бастап ең жоғары проценттік мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 процентке өспек.

 

Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1 процент деңгейінде болмақ.

 

Бұл шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюталық нарықтағы спекуляцияның алдын алмақ.

 

 

24.kz