Нарық

Теңгенің алдағы тағдыры қандай болады? Министрлік жауап берді

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Биыл теңге бағамы бір долларына 370 теңге шамасында сақталады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін үкіметте 2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.


Дәленовтің айтуынша, сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, болжам аясында 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды.


"Мұнай бағасы – бір барреліне 55 доллар, теңге бағамы – бір доллар үшін 370 теңге, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6% шамасында", - деді министр.


Ал ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі одан әрі жалғасатынын атап өтті.


"11 наурыздағы жағдай бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 379,48 теңге болды. Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғастырады", - деді Досаев.


Оның айтуынша, ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1 наурызда, алдын ала деректер бойынша, 29,2 миллиард доллар, ұлттық қордың активтері 59,0 миллиард доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 миллиард долларды құраған.


 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.03.2019, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31