Теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері көтеріле ме? Министр жауап берді

10 наурыз 2022, 12:20

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов инфляция мен теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақылар мен зейнетақы қайтадан индексациялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыға жыл сайын индексация жасалатынын атап өтті. Ал доллар мен азық-түліктің қымбаттауына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданған жоқ.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% деңгейінде сақтап қалды
"Адал термен жинаған ақшамды бермей отыр": БЖЗҚ Қазақстан азаматтығынан айырылған әйелдің зейнетақы жинағын беруден бас тартқан

"Барлық шешім негізделген және теңдестірілген болуға тиіс. Әлемдегі жағдайға байланысты жедел штаб құрылды, ол ахуалға баға береді. Шешімдер жағдайға қарай қабылданады. Әзірге бұл мәселе ашық", - деді министр үкімет кулуарында.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді.