Нарық

Тоқаев Досаевқа инфляцияны тұрақтандыру шараларын қабылдауды тапсырды

  • Тоқаев Досаевқа инфляцияны тұрақтандыру шараларын қабылдауды тапсырды

    Тоқаев Досаевқа инфляцияны тұрақтандыру шараларын қабылдауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 Мемлекет басшысына биылғы 7 айдағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.  

Ұлттық банк төрағасы Президентке коронавирустың жаңа толқынының таралуына байланысты Халықаралық валюта қорының әлемдік экономиканы қалпына келтіру қарқыны мен қаржы нарықтарын түзетуге қатысты болжамдарды қайта қарағаны жөнінде ақпарат берді.

Әңгімелесу барысында әлемдік экономиканы қалпына келтіруде инфляция мен инфляциялық болжамдар басты кедергі екені атап өтілді. Мемлекет басшысына еліміздегі инфляцияның жылдам өсу себебі (2021 жылғы шілдедегі қорытынды бойынша – 8,4%) және инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені (9,25%-ға дейін) көтеру туралы шешімі жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев карантиндік шектеулер кезінде іскерлік белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру, Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қаражаттың жағдайы, сондай-ақ, зейнетақы активтері өсімінің оң динамикасы туралы да баяндады.

Президентке төлем балансының ағымдағы шоты туралы айтылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бірінші жартыжылдықта экономикалық белсенділіктің артуы мен тұтынушылық импорттың өсуі салдарынан 1,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде тапшылық қалыптасқан.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың активтерін сақтауға және арттыруға ерекше назар аударып, Үкіметпен бірлесіп инфляцияны тұрақтандыру бойынша тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
 baq.kz




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.08.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31