Тоқаев елорда мен Алматыда тұрғын үйлер арасына құрылыс салуды тоқтатуды тапсырды

08 наурыз 2022, 23:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тұрғын үй кешендерінің маңында көпқабатты үйлер салуды тоқтатуды тапсырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы әлеуметтік инфрақұрылымдарды, алаңдар мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аудару қажет деп санайды»  деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 

Еске салайық, 6 наурызда екі қалада ондаған адам Нұр-Сұлтандағы желілік саябақ пен Алматыдағы «Комфорт» тұрғын үй кешенінің жанынан саябақ  салынуына қарсылық білдіру үшін жиналған болатын.

 

Тұрғындар саябақтар салу жоспарын келісіп алу керектігін айтты. Өйткені аудандарда мектеп те, емхана да, балабақша да жоқ.