Нарық

Тоқаев жарлығы: ерлі-зайыптының кредиті қалай өтеледі?

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бір отбасындағы екі-үш адамның кредиті қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, жеңілдікке ілігетін азаматтардың жеке мәліметтерін анықтаған.


"Бүгінде кредит бюросына 2 миллион 289 мың адамның деректері берілді. Кредит бюросы мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің базасымен салыстырады, тізімдегі азаматтардың кредиті бар-жоғын анықтайды", - деді Жақыпова үкімет үйінде азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы баспасөз мәслихатында.


Айтуынша, тізімге енген азаматтардың қарыз сомасы және талаптарға сәйкестігі анықталғаннан кейін, проблемалық кредиттер қоры екінші деңгейлі банктермен келісімшарт бекітеді. Қазіргі таңда кредиті өтелетін 507 мың адамның мәліметтері нақтыланған. Алайда, бұл тізім толықтырылуы мүмкін.


"Мәселен, бір адамның басында екі-үш кредит бар, олардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. Күйеуі мен әйелінің әрқайсысында кредит болса, ол қалай өтеледі деген сұрақ жиі қойылып жүр. Егер бұл отбасы тізімге енсе, екеуінің кредиті жеке-жеке өтеледі. Яғни, ерлі-зайыптының 600 мың теңге борышы жабылады", - деп түсіндірді Жақыпова.


Сондай-ақ, вице-министр халықты құлақтандыру бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.


"eGov.kz порталында азаматтың мәртебесін анықтау сервисі ашылды. Кез келген адам элекронды-сандық қолтаңбасы арқылы кіріп, порталға тіркеледі, ЖСН енгізіп, жауап ала алады. Кейбір азаматтар жеңілдікке ие санатқа жатса да, өз мәртебесін анықтай алмаған. Сондықтан біз бұл сервисті одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол.


Мәселен, 29 жасқа дейінгі жетім порталдағы тізімге енбей қалса, ол білім және ғылым министрлігіне тізімге енгізу туралы өтініш жаза алады. Ол үшін ата-анасының қайтыс болғаны туралы және туу туралы куәлікті қоса көрсетуі тиіс.


"Осыдан кейін білім министрлігі онлайн режимде тізімді бізге береді. Ал біз оларды порталға енгіземіз", - деді Жақыпова.


Кімдердің кредиті өтеледі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусым күні Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.


Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде кейбір санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді.


Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.


Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.


 




Көрілген: 2672    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 15:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31