Нарық

Тоқаев кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды

  • Тоқаев кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды

    Тоқаев кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегеруді тапсырды

Коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке ең алдымен зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

«Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Skifnews.kz




Көрілген: 1234    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 21:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31