Нарық

Тоқсан есе құнсызданған теңге: болашағы не болмақ?

  • Тоқсан есе құнсызданған теңге: болашағы не болмақ?

    Тоқсан есе құнсызданған теңге: болашағы не болмақ?

Қазақ теңгесі қолдануға шығарылған күннен бері 90 есе құнсызданыпты. Ал­ғаш рет айналымға ен­ген­де теңгенің долларға қа­тынасы 4,69 теңге болса, бү­гіндері бұл көрсеткіш 422 теңгеге жеткен. Ұлт­тық валютамыздың құ­ны қолға тиген соң-ақ түсе бастады: 1994 жы­лы қаң­тар­да теңгенің дол­ла­р­ға шаққандағы бағасы 10 теңге, қарашада 50 тең­геге жетті. Ал 1999 жылы сәуір­ге дейін теңгенің дол­ларға қатынасы 85 тең­ге болса, бір айда бұл көр­сеткіш 150-160 теңгеге бір-ақ секірді. Бұл теңгенің бірін­ші рет құнсыздануы еді.

Теңгенің екінші рет құнсыз­дануы 2014 жылы тіркелді. Сол жылы ақпанда 1 доллардың ба­­­ғасы 185 доллар болды. 2015 жыл­дың соңында 1 доллар үшін 322 теңге төлеуге мәжбүр болдық. Мұны ұлттық валютаның үшінші рет девальвацияға ұшырауы деу­ге болады және бұл үрдіс жал­­­­ғаса берді. Сөйтіп, былтыр ақ­пан айында теңгенің долларға қа­тынасы 378 теңгеге жетіп, тұ­рақтағандай болған. Алайда биыл­ғы наурызда теңгенің дол­ларға қатынасы 450 теңгеге жет­ті.

Әрине, теңге деваль­ва­ция­сы­­на түрлі фактор әсер етеді. Мы­салы, соңғы девальвацияға мұ­­найдың күрт арзандауы мен ко­ронавирус инфекциясы ық­пал етті дедік. ОПЕК+ мұнай өн­­­діруді қысқарту туралы қол жет­­кізген уағдаластық, акциялар на­­рығында қалыптасқан оң жағ­­дай, дамушы және мұ­най экс­порттаушы елдер валю­та­ла­ры­­ның нығаюы теңге үшін оң үр­діс болды. Сонымен қатар ка­рантин кезінде көптеген кә­сі­порын шектеулі режимде жұ­мыс істеді, бұл шетел валю­та­сы­на сұраныстың төмендеуіне әсер етті. Мысалы, наурыз айы­мен салыстырғанда теңге-дол­лар жұбы валюталық сау­да-сат­тығының көлемі 3,46 млрд-тан 1,72 млрд долларға дейін тө­мен­деді. Нәтижесінде, бү­гін­дері тең­генің долларға қатынасы 422 теңгенің маңайында. 




Көрілген: 1376    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 00:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30