Төрін берсе де, басына шығармайтын қазақ едік...
Еліміздің еңбек мигранттарынабөлінген квотасының көлемі ресми түрде бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2014 жылы бізде 63 мың шетелдік азаматқа жұмыс істеуге рұқсат беріледі,яғни еліміздің экономикалық белсенді халқыныңшамамен 0,7 пайызы.Аз ба, көп пе?«Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.
Еңбек мигранттарына бөлінген квотаның 30 мыңға жуығы жыл да бос қалады
ҚР Үкіметі бөлген квоталар көлемі (2001-2013жж)
.jpg)
-Шамамен жыл сайын 30 мың жұмыс орнының бос қалатыны рас. Оны не өзіміздің азаматтарымыз, не шетелдік жұмыс күші пайдаланбайды, - деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көші қон комитетінің этникалық көші-қон басқармасының бастығы Марат Тоқсанбаев еңбек миграциясы талқыланған бір басқосуда ашық айтқан болатын.
Егер нақты деректермен дәлелдей түссек, шетелдік еңбек күшін тартуға белгіленген квотамен Қазақстанда 2008 жылы – 54 мың, 2009 жылы – 30,9 мың, 2010 жылы – 29,2 мың, 2011 жылы – 27,1 мың, ал 2012 жылы - 21,7 мың, 2013 жылы болса, квотамен 30 мыңға жуық адам жұмыс істеген. Олардың басым бөлігі, яғни 23,6 пайызықытайлар болса, екінші орында 18,4 пайызбен түріктер тұр. Ал 8,6 пайызбен ағылшындар үшінші орынды иемденсе, төртінші орында тұрған үнділер7,6 пайызды құрап, 4,6 пайызымен итальяндықтар бесінші орынға шыққан екен.
«Шетелдік жұмыс күші жылдан жылға азайды екен» деп ойлап қалмаңыздар, бейресми дереккөздер заңсыз мигранттар саны соңғы екі жылда 2 миллионға жуықтаған дейді. Тіпті Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Қазақстанға сырттан келетін арзанқол жұмыс күші жыл өткен сайын артып келеді. Елімізге келіп жатқан шетелдік жұмысшылардың басым көпшілігі ел аумағында заңсыз жұмыс істеуде. Мигранттардың жалпы санының тек, бір пайызға жетер-жетпесі ғана заңды түрде тіркеледі», – деп бекер айтпаса керек.Бұл нені білдіреді? Қазақстан өзінің бейқамдығымен еңбек нарығындағы шетелдік жұмыс күші мәселесін тым босаңсытып алған. Төрін берсе де, басына шығармайтын қазақ едік,«сау басымызға сақина тілеп алмасақ» болды әйтеуір.
Өзбек өзбекті «жалға» беріп байып жүр
Өздеріңіз білесіздер, жуырда ғана бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізіліген «Еңбек миграциясын реттеу туралы» заңның жаңа нұсқасы жарық көрді. Заңды біреулер қолдаса, енді біреулер қатты сынға алған еді, өткір пікірталас әлі жалғасуда.
Саясаттанушы Талғат Мамырайымов: «Біз шетелдік жұмыс күшіне тиімді жеңілдіктер көрсету арқылы, бірінші кезекте өз азаматтарымыздың құқын шектейміз. Екінші жағынан арзанқол жұмыс күші мен жұмыс берушілер арасындағы делдалдыққа жол ашамыз. Өйткені еңбек миграциясы айналымында қыруар қаржы жүреді. Үшіншіден, «гастарбайтерлер» легі ағылатын болады елімізге. Менің ойымша, осы заңның қабылдануынанақты біреулер мүдделі болған сияқты» деген еді наразылық танытып. Оның сөзінің жаны бар. Өйткені, бұрындары Өзбекстаннан адам әкеп, оларды «сатумен» негізінен өзіміздің азаматтарымыз ғана айналысушы еді, қазір өзбектің өзі Қазақстанда өзбекті «жалға» беріп байып жүр.
«Ресми», «бейресми» деген ұғымдардан қашан құтыламыз?
Жыл басынан бастап, заңға сәйкес,еңбек мигранттары да салық төлейтін болды. Егер ойымыз жүзеге асса, мемлекеттік бюджетке біздің елден табыс тବуып жүр¬ген шетелдіктер есебінен ел қазынасына жыл са¬йын 6-10 миллиард теңге қаржы тү¬сіреді екенбіз.Алайда мынандай бір шетін мәселе бар: Қазақстанға шетелден келіп жатқан жұмыс күштерін негізінен өзбек, қырғыз және тәжік азаматтары құрайды десек, олардың салық төлегісі жоқ. Себебі, «тәуелсіз» гастарбайтерлер аз. Басым бөлігі тапқан нәпақасын «қожайынымен» бөлісуге мәжбүр. Қысқасын айтқанда, елі¬мізге жосылып келіп жатқан гастарбайтерлер Қазақстандағы кө¬леңкелі экономика спектрін құрап отырғандардың бірі. Мұндай жағдайда салық төлету қаншалықты мүмкін?
-Әрине, жұмыс берушілер қанша жұмыс күшін пайдаланып жатқанын, олар салық төлеп жатыр ма, жоқ па, оны күш құрылымдары тексере алады. Алайда оған жергілікті прокуратурадан арнайы рұқсат керек. Рұқсат алып,біз келеміз дегенше, әлбетте олжерден бір де бір мигрантты таппай қаламыз, - деген еді бір сөзінде ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саиновшарасыздықтарын айта келе.
Бұл мәселені БАҚ арқылы саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов те талай көтерген-ді. «Гастарбайтерлер арқылы пайда тауып отырғандарды тексеру тура СЭС қызметкерінің мектеп асханасын тексерулерімен бірдей. Ескертусіз аяқ астынан келсе болмай ма? Алдымен заң орындарынан рұқсат алуға тиіс. Одан не пайда? Менің ойымша, жоспарлы тексеріс көптеген былық-шылықты жауап отыр» дейді саясаттанушы.
Қазақстандағы еңбек миграциясына қатысты жайсыз ақпаратты бізден гөрі шетел жақсы білетін сияқты. Олай дейтін себебіміз, мигранттары саныныңөсуі жағынан Қазақстан қазір АҚШ-тың алдында. Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан деректер рас болса, біздегікөрсеткішАҚШ-пен салыстырғанда жеті пайызға жоғары. Былайша айтқанда, мигранттар үлесі 16 миллион халқымыздың 19 пайызын құраса, әлемде ең көп мигрант қабылдайтын АҚШ-тың өзінде шетелдік жұмыс күшінің саны жалпы халқының13,5 пайызы ғана. Сонда Қазақстанның әрбір бесінші азаматыкелімсек болғаны ма?Ең өкініштісі, Қазақстанда миграция саясаты осы күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған.Қолда барды желеулеткеніміз болмаса, тіпті нақты деректерді де білмейміз. Онымен айналысып жатқан да ешкім жоқ. Ондай болса, «еңбек мигранттарына бөлінген квотаны біз осы қалай есептедік?» деген сауал туындайды.
Қорыта айтқанда....
Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:
- Жұмыс берушілердің еңбек мигранттарына берілген квотаны бөліп алып, оны толық пайдалануын үкімет қадағалау қадағалау керек. Жұмыс берушілер аз шығын шығару үшін негізінен заңсыз жұмыс күшін пайдаланғысы келеді. Осыдан барып, көлеңкелі экономика пайда болады. Сондықтан да, бөлінді ме квота, ол толық игерілуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, еңбек миграциясына қатысты әкімшілік басқару жұмыстарын жүйелеу керек.
Тақырыпқа тұздық
Біздің «еңбек миграциясы» деп жүргенімізді шетел сарапшылары кәдімгі адам саудасына теңейді. Өйткені еңбек миграциясы айналымында қыруар қаржы жүреді. Өткен жылы әлемнің 140-қа жуық ел арасындағыайналым 511миллиард долларды құраса керек.Әлем бойынша есірткі саудасы айналамында жыл сайын шамамен 500 миллиард доллар жүретінін ескерсек, еңбек мигарциясы одан асып түскен екен.
Әлем бойынша гастарбайтерлерден ең көп ақша түсіретін елдер тізімі төмендегідей:
Үндістан - 71 млрд. доллар;
Қытай - 60 млрд. доллар;
Филиппин - 26 млрд. доллар.
Ал мигранттары көп елдер қатарында бірінші АҚШ, екінші Ресей, үшінші Германия тұр.
Жұлдыз
Радиосы