Нарық

Төрт жүзге тарта жалған банкнот қазақстандықтардың қолында айналымда болған

  • Төрт жүзге тарта жалған банкнот қазақстандықтардың қолында айналымда болған

    Төрт жүзге тарта жалған банкнот қазақстандықтардың қолында айналымда болған

Көбіне 2 мың және 5 мың теңгелік қағаз ақшалар қолдан жасалады. Жыл басынан бері қолдан жасалған банкноттың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ке азайды

Қазақстанда 2020 жылдың жеті айында 1,2 миллион теңге болатын 381 жалған банкнот анықталды. Жалған ақшаның саны екі есеге жуық қысқарды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкі.

Бұл кезеңде жалған монета табылған жоқ.

"Қазақстанда 2020 жылы көбінесе 2 мың (41,47%) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноттар қолдан жасалған", - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаменті банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев.

Жыл басынан бері қолдан жасалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ке азайды. Өткен жылы 718 жалған банкнот пен алты монета анықталған.

Жалған банкноттардың көпшілігі Алматы қаласында анықталды – 243 жалған банкнот (63,78%).

Еске сала кетейік, жалған банкноттар және монеталарды жасаған немесе өткізу мақсатында сақтаған тұлғаларға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 21:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31